Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасына жаңа басшы тағайындалды

599

Жетісу облысы әкімінің өкімімен Айдар Карбозұлы Башбаев Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Айдар Карбозұлы Башбаев
1972 жылы туған, білімі жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік ұлттық университетін тарих, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын Ақтөбе облысындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған. Кейін Алматы облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы қоғамдық-саяси процестерді талдау және үйлестіру бөлімінің бас маманы, облыс әкімі аппаратының бас маманы-баспасөз хатшысы, баспасөз қызметінің жетекшісі, баспасөз қызметінің жетекшісі – облыс әкімінің баспасөз хатшысы, облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың басшысы, облыс әкімі аппараты баспасөз қызметінің басшысы – облыс әкімінің баспасөз хатшысы қызметтерін атқарды.
2022 жылдың ақпанынан Қаратал ауданы әкімінің орынбасары болды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз