14.6 C
Taldykorgan, KZ
Четверг, 9 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 520

Қуатты мемлекет, қуатты ел

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңғырту бағдарламалары кезең-кезеңмен жүзеге асуда. Жыл басталысымен сайлау заңнамасы мен сайлау жүйесіне жаңа түзетулер енгізіліп, бір мандатты округтер мен сайлау комиссияларын құру мәселесі шешімін тауып, аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері өз өкілеттіктерін тұрақты кәсіби негізде жүзеге асыруда. Бұл әрине сайлау жүйесінің сапасын арттыруға бағытталған қадамдардың бірі. Мәжіліс  пен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өткізіліп,...

Оңтүстік Кореядан келген дәрігерлер Жетісу облысының 1000-нан астам тұрғынын тексеруден өткізді

Корея Республикасы Хёндэ госпиталі , "Чунг-Анг" университетінің медициналық орталығынан арнайы Жетісу облысына келген бір топ дәрігерлер  Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханада 5 күн бойына Жетісу облысының тұрғындарын қабылдады.  Осы уақыт аралығында Хёндэ госпиталының  директоры Ким Бу Соп бастаған мамандар 1000-нан астам тұрғынды   қабылдап, кеңес берді.  Сонымен қатар травматология мен хирургия саласы бойынша 33 ота жасады. Жетісу өңіріне Хёндэ госпиталінен 4 –ші...

Семей және Чернобыль ардагерлеріне ескерткіш қойылады

Жетісу облысының орталығы Талдықорғанда Семей және Чернобыль апаттарынан зардап шеккен азаматтарға арналған еңселі ескерткіш бой көтермек. Биыл кезінде қазақ даласындағы 1.5 миллионға жуық адамға ауыр зардап әкелген Семей ядролық сынақ алаңының жабылғанына 31 жыл. Нақты дерек көздеріне жүгінсек, жалпы аумағы 18 миллион гектарды құрайтын бұл полигонда 1949-1989 жылдар аралығында 456 мәрте атом сынағы жүргізілген. Сарапшылардың мәліметінше, ондағы барлық жарылыстың ...

Денсаулық сақтау басқармасы инфрақұрылымды жақсартуға инвесторларды шақырады

Алматы облысында бірқатар медициналық мекемелерге мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін қолдану арқылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Атап айтқанда 2020 жылы  сенімгерлік басқару құқығына ие  болған "A-CLASS MEDICAL" ЖШС Талғар аудандық ауруханасына қарасты 27 нысанға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді. Аурухана қазір медициналық қызметтердің барлық циклін ұсынып отыр. Сонымен қатар мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде 4 жаңа медициналық орталық пайдалануға берілді. Атап айтқанда Еңбекшіқазақ ауданындағы Достық...

Саркома ауруының алдын алу

Саркома-сирек кездесетін қатерлі ісік. Негізінен 60-70 жас аралығындағы адамдарда болатын барлық қатерлі ісіктердің шамамен 0,03% құрайды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Талдықорған қаласы, облыстық көпсалалы клиникасының хирургия бөлімшесінің жетекші маманы Онищенко Максим Борисович хабарлады. Жұмсақ тіндер саркомасының ең жиі кездесетін жерлері - аяқ-қолдарда, әсіресе жамбас бөлігінде және ретроперитонеальді аймақта. Бұл аурудың түрі бастапқы уақытта ауыртпашылық сезімін тудырмайды. Уақыт өте...

Ана тілім – бабамның тілі, онда қадір-қасиет бар

Тіл қашанда ұлттық қасиетті игілік. Мемлекетіміздің тұғыры. Халқымыздың рухани байлығы. Өйткені, анамыздан бойымызға тараған тіл өткеніміз бен болашағымыздың айқын көрінісі.  Татар халқының шығыстанушы ғалымы Абдрахман Саади: «Әлемде ең бай, ең таза, ең табиғи және бұзылмай, бұрынғы қалпында сақталып қалған бір тіл болса, ол – қазақ тілі»,- деген еді. Бұл біздің қазақ тіліне берілген зор баға. Соңғы уақытта қазақ тіліне қатысты...

Қазақ тілінің көсегесі қайтсек көгереді?!

дереккөзі
Алаш арысы, ағартушы Ахмет Байтұрсын:  «Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі», -деп пайымдаса, күллі  түркі  жұртына ортақ ғұлама, ақын Жүсіп Баласағұн:  «Адамға екі нәрсе тірек тегі: Бірі — тіл, бірі — ділің жүректегі», -деп тұжырымдаған.  Өмірде әр халықтың өз ана тілі, діні, төл мәдениеті, салт-дәстүрі бар. Осы бір баға жетпес құндылықтар ұлт руханиятының айнасы, ел тәуелсіздігінің...

Отбасы мерейі үстем болсын!

Талдықорған қаласында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы ұйымдастырылды. Оған облыс орталығында тұрып, еңбек етіп жатқан  Ахметбековтер, Еркінбек, Қожабековтер, Смағұловтар отбасы қатысты. Жалпы 3 кезеңнен тұратын байқаудың алғашқы кезеңі қалалық деңгейде өтсе, екінші кезеңі өңірлер бойынша,үшінші кезең-ұлттық деңгейде өтетін болады. Ұлттық байқаудың  мақсаты- аты айтып тұрғандай, отбасы құндылығын жоғарылатуды, адамгершілік,руханилықты дәріптеуге бағытталған. Алғашқы іріктеу кезеңінде оның  ережесімен Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары  Бақытжан...

Тәлімі мол тәрбиеші

Болашақ ұрпақтың білімді, саналы, тәрбиелі болып өсуі үшін үйде ата-ананың, балабақшада тәрбиешінің, мектепте ұстаздың да үлесі зор. Тәрбие мен білімнің ең алғашқы баспалдағы балабақшадан басталады. Балабақша - үлгі мен өнегенің, адамгершілік пен ар намыстың ордасы. Сонымен қатар саналы, еліне қызмет етер нағыз азамат болып өсуінің негізі қаланатын, балаларды өнер-білімге тәрбиелейтін ыстық ұя. Тәрбиеші - жас ұрпақтың бойына тәрбиенің алғашқы...