Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңғырту бағдарламалары кезең-кезеңмен жүзеге асуда. Жыл басталысымен сайлау заңнамасы мен сайлау жүйесіне жаңа түзетулер енгізіліп, бір мандатты округтер мен сайлау комиссияларын құру мәселесі шешімін тауып, аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері өз өкілеттіктерін тұрақты кәсіби негізде жүзеге асыруда. Бұл әрине сайлау жүйесінің сапасын арттыруға бағытталған қадамдардың бірі. Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өткізіліп, биылдан бастап аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін тікелей сайлау да пилоттық режимде өткізілуде. Бұл да құптарлық іс.Яғни,президенттік жаңғырту бағдарламасы аясында мыңнан аса ауылдық округ әкімдерінің тікелей сайлауы өткізілуде.Мемлекет басшысы маусым айында өткен Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде «Біз Ата заңымызға әділдік рухын сіңіре отырып,конституциялық реформа жасадық. Бұл өзгерістер мемлекеттігіміздің тұғырын бекіте түсті.Сонымен қатар еліміздің ұзақ мерзімге арналған демократиялық бағдарын айқындап берді.Биліктің басты институттары қысқа мерзім ішінде мүлде басқаша сипатқа ие болды. Шешім қабылдау үдерісіне азаматтардың қатысу мүмкіндігі едәуір кеңейді. Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесі нығайды.Осының бәрі еліміздің саяси құрылымын орнықты және тиімді етіп қайта құруға септігін тигізеді.Барынша әділ,ашық әрі бәсекеге лайықты жүйе қалыптасты.Кейбір адамдар реформалардың табысты боларына күмәнмен қараған еді.Бірақ,біздің бағдарымыз өзгерген жоқ.Ауқымды саяси жаңғыру жоспарын рет-ретімен жүзеге асырдық.Бәріміз бір ел болып орасан зор жұмыс атқардық» ,-деп баға берген еді.Президентіміздің Әділетті Қазақстанды құру жолындағы әрбір саяси-экономикалық реформасы мен тапсырмасын жұмыла қолдап, күш-жігерімізді барынша жұмсауымыз қажет деп санаймын. Сонда ғана біз біртұтас ұстанымдарымыздың нәтижесін көре аларымыз сөзсіз.
Мади ШАКЕНОВ, Талдықорған қаласының мансап орталығы филиалының директоры