Жетісу облысында жүгері мәселесі: қалай шешілмек?
Жетісу облысында мемлекеттік органдар жергілікті жүгері өсірушілердің проблемаларын шешу жолдарын тапты, деп хабарлайды taldykorgan-online.kz Жетісу облысы әкімдікке сілтеме жасап.
Бұған ауыл шаруашылығы басқармасының тиісті компаниялармен алтын собықты сату жөніндегі келіссөздері ықпал етті.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрдәулет Кененбаевтың айтуынша, шаруалардың мәселесі ақыры шешілді.
Дайындаушы компаниялармен жедел түрде жүргізілген келіссөздер алғашқы нәтижелерін берді. Дүйсенбі, яғни биылғы 8 қаңтардан бастап «Іргетас трейд» компаниясы...
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Рождество мерекесімен құттықтады
Құрметті отандастар!
Қазақстанның барша православие христиандарын Рождество мерекесімен құттықтаймын!
Бұл мейрамда жоғары адамгершілік қасиеттер кеңінен дәріптеледі, ізгілік пен әділдікті орнықтыра түсуге баса мән беріледі. Рождество адамзатты жасампаз әрі мейірімді болуға, жақындарына қамқорлық танытуға және мұқтаж адамдарға қол ұшын созуға үндейді, осы дінге сенетін жандарға үміт пен қуаныш сыйлайды.
Басқа дәстүрлі діндер секілді православие де мызғымас рухани құндылықтарды орнықтыру, өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие беру...
Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Заң үстемдігі» жобасы басталды
"Әділдік жолы" РҚБ еліміздің барлық өңірлерінде заң бұзушылықтарды алдын алып, қазақстандықтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Заң үстемдігі» жобасын іске қосты.
Жобаның негізгі мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлықтың барлық көріністеріне төзбеушілік ортасын қалыптастыру және де осы процеске ел азаматтарын жаппай тарту.
Бұл жоба Мемлекет басшысы атап өткен «Адал азамат» тұжырымдамасын жүзеге асыру мен қоғамдағы Заң және құқықтық тәртіп үстемдігін қалыптастырудағы нақты қадамдардың...
Сенат депутаттары — Жетісу жерінде
Еліміздің заңнамалық құжаттарындағы өзгерістерді және әзірлік үстіндегі заң жобаларын халыққа түсіндіру және жан-жақты мағлұмат беру мақсатында ҚР Парламент Сенаты депутаттары Жетісу облысын аралап шықты. Жетісудың Кербұлақ, Панфилов аудандарынан бастау алған іссапар облыс орталығында жалғасты.
Жұма күні ҚР Парламент Сенаты депутаттары Сұлтан Дүйсенбинов, Ғалиасқар Сарыбаев, Амангелді Толамисов жұмыс сапарымен облыс орталығы Талдықорған қаласына келді. Талдықорған қалалық мәслихатының депутаттарымен кездесті. Бұл кездесуді...
Қолма-қол ақша талап еткен кәсіпкерлерге қомақты айыппұл салынады
Кәсіп иесінің есепшотына 3 айда 100-ден аса мобильді аударым келіп түссе арнайы салық төлеуге міндеттелетіні белгілі болғалы бизнесмендер тұтынушыдан қолма-қол ақша талап етуге көшкен. Алайда Мемлекеттік кірістер комитеті сатып алушыға еркінен тыс қолма-қол төлемді талап еткендер қомақты айыппұл арқалайтынын айтты.
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап кәсіпкерлер электронды төлемнен бас тартып жатыр. Көпшілік кәсіпкерлердің бұл ісіне наразылығын білдіріп отыр.
Кез келген кәсіпкер...
Президент Мәжілістің 2023 жылы атқарған жұмыстарына оң баға берді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады. Мемлекет басшысына Мәжілістің заң шығару қызметі туралы егжей-тегжейлі баяндалды.
Ерлан Қошановтың айтуынша, сессия басталғалы бері 35 заң қабылданып, Сенатқа жолданған. «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасының жүзеге асырылуын, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану, бизнес жүргізу, тәлімгерлік пен балалардың қауіпсіздігі, денсаулыққа зиян келтіретін жұмыс орындарында еңбек ететін азаматтарды арнайы төлемақымен қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін құжаттар...
2023 жылы Жетісу облысының тұрғындары ХҚКО арқылы 82 266 мыңнан астам төлқұжат пен жеке куәлік алды
2023 жылы 82 266 мыңнан астам жетісулықтар "Азаматтарға арналған үкіметтен" төлқұжат пен жеке куәлік алды. Салыстыратын болсақ, Жетісу облысы құрылғалы 2022 жылы 26 334 мың азаматқа жеке басын куәландыратын құжат берілген болатын.
Сондай-ақ, атап өтер болсақ, 2024 жылға келесідей мемлекеттік баж алымы белгіленді: ҚР азаматының 36 парақты төлқұжаты үшін – 8 АЕК, 48 парақты төлқұжат үшін – 12 АЕК, 24...
Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбаты
Қасым-Жомарт Кемелұлы, уақытыңыздың тығыздығына қарамастан «Egemen Qazaqstan» газетіне сұхбат беруге келіскеніңіз үшін ризашылығымызды білдіреміз. Сіздің қоғамды толғандыратын мәселелер туралы пікіріңіз қазақ баспасөзі үшін өте маңызды. Сондықтан түрлі тақырыпта өзіңізбен ашық әңгіме өрбіткіміз келеді. Өткен жыл несімен есіңізде қалды?
– Осы мүмкіндікті пайдаланып, барша отандасымды тағы да Жаңа жыл мейрамымен құттықтаймын!
2023 жыл еліміз...
Талдықорған қаласыәкімінің аппараты үкіметтік емес ұйымдарды ҮЕҰ дерекқорына мәліметтерді тапсыру туралы хабардар етеді
Талдықорған қаласы әкімі аппараты Үкіметтік емес ұйымдар дерекқорына мәліметтерді ұсынудың кезекті есеп кезеңінің өтуі туралы хабарлайды. 2024 жылғы 31 наурызға дейін Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына мәліметтеріңізді ұсынуларыңызды сұраймыз.
Осыған байланысты қоғамдық бірлестік (саяси партиялар, діни бірлестіктер мен кәсіптік одақтар түрінде құрылған қоғамдықбірлестіктерді қоспағанда), коммерциялық емес акционерлік қоғам (құрылтайшысы немесе акционері мемлекет болып табылатын коммерциялық емес акционерлік қоғамдарды қоспағанда), қоғамдық, корпоративтік...
Жәрдемақы мөлшері ұлғаяды
1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері де ұлғаяды. 1, 2, 3 бала туғанда берілетін жәрдемақы 131 100 теңгеден 140 296 теңгеге дейін; 4 және одан көп бала туғанда берілетін жәрдемақы 217 350 теңгеден 232 596 теңгеге дейін өседі. Бала санына байланысты көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы: 4 баласы бар отбасылар үшін 55 304 теңгеден 59 183 теңгеге дейін,10 баласы бар...



























