2023 жылы Жетісу облысының тұрғындары ХҚКО арқылы 82 266 мыңнан астам төлқұжат пен жеке куәлік алды

303

2023 жылы 82 266 мыңнан астам жетісулықтар «Азаматтарға арналған үкіметтен» төлқұжат пен жеке куәлік алды. Салыстыратын болсақ, Жетісу облысы құрылғалы 2022 жылы 26 334  мың азаматқа жеке басын куәландыратын құжат берілген болатын.

Сондай-ақ, атап өтер болсақ, 2024 жылға келесідей мемлекеттік баж алымы белгіленді: ҚР азаматының 36 парақты төлқұжаты үшін – 8 АЕК, 48 парақты төлқұжат үшін – 12 АЕК, 24 парақты төлқұжат үшін (16 жасқа дейінгі балаларға) — 4 АЕК. Жеке куәлік үшін төлем 0,2 АЕК-ті құрайды.

Айта кетейік, өткен жылы төлқұжаттар мен жеке куәліктерді беру сұраныстағы үшінші мемлекеттік қызмет қатарынан табылды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз