Талдықорған қаласыәкімінің аппараты үкіметтік емес ұйымдарды ҮЕҰ дерекқорына мәліметтерді тапсыру туралы хабардар етеді

268

Талдықорған қаласы әкімі аппараты Үкіметтік емес ұйымдар дерекқорына мәліметтерді ұсынудың кезекті есеп кезеңінің өтуі туралы хабарлайды. 2024 жылғы 31 наурызға дейін Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына мәліметтеріңізді ұсынуларыңызды сұраймыз.

Осыған байланысты қоғамдық бірлестік (саяси партиялар, діни бірлестіктер мен кәсіптік одақтар түрінде құрылған қоғамдықбірлестіктерді қоспағанда), коммерциялық емес акционерлік қоғам (құрылтайшысы немесе акционері мемлекет болып табылатын коммерциялық емес акционерлік қоғамдарды қоспағанда), қоғамдық, корпоративтік және жеке қорлар, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі нысанындағы үкіметтік емес ұйымдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдік және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктеріне infonpo.gov.kz веб-порталында электрондық есептілік нысанын уақтылы толтыруды ұсынады.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ҮЕҰ дерекқорында тіркелу мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және мемлекеттік гранттар шеңберінде әлеуметтік бағдарламаларды және (немесе) әлеуметтік жобалардыіске асыруға, сондай-ақ ҮЕҰ үшін сыйлық алуға арналған конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт болып табылады.

ҮЕҰ қызметі туралы мәліметтерді электрондық түрде infonpo.gov.kz
веб-портал арқылы ұсыну үшін Халыққа қызмет көрсету орталығының
жақын жердегі бөлімшесінде (ХҚКО) электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) алу қажет.

Интернет арқылы тапсыруға мүмкіндігі жоқ азаматтар үшін мәліметтерді пошта арқылы немесе қолма-қол қағаз және электрондық тасығыштарда (DOC, DOCX форматында CD-дискілерде немесе USB-флэш- жинақтағыштарда) тапсыру мүмкіндігі қалды.

ҮЕҰ қызметі туралы мәліметтерді ілеспе хатпен бірге пошта арқылы
немесе қолма-қол мына мекенжайға жіберу қажет: 010000, Астана қаласы, Есілауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 15-кіреберіс, ҚазақстанРеспубликасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз