1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері де ұлғаяды. 1, 2, 3 бала туғанда берілетін жәрдемақы 131 100 теңгеден 140 296 теңгеге дейін; 4 және одан көп бала туғанда берілетін жәрдемақы 217 350 теңгеден 232 596 теңгеге дейін өседі. Бала санына байланысты көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы: 4 баласы бар отбасылар үшін 55 304 теңгеден 59 183 теңгеге дейін,10 баласы бар отбасылар үшін – 138 000 теңгеден 147 680 теңгеге дейін өседі. Мүгедектігі бар адамдарға арналған жәрдемақы:
I топ – 89 248 теңгеден 95 496 теңгеге дейін;
II топ – 71 398 теңгеден 76 397 теңгеге дейін;
III топ – 48 681 теңгеден 52 089 теңгеге дейін көтеріледі.
Сондай-ақ, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан асыраушысынан айырылу және еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша төлемдер 7%-ке ұлғайтылады.