Сауатты ұстаз сапалы білімнің кепілі
Облыстық білім басқармасының ұйымдастырумен білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың тиімді жолдарын қарастыру, педагогтердің өзара тәжірибе алмасуына ықпал ету мақсатында «Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту маңыздылығы» тақырыбында өңіраралық семинар өтті.
Семинардың пленарлық жұмысына онлайнрежимде педагогика ғылымдарының кандидаты, Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының жалпы даму пәндері зертханасының жетекші ғылыми қызметкері Дюсенбаева Ардақ Толеуовна, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» Ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» АҚ басқарма төрағасы Аманғазы Мағжан Заңғарұлы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті география және...
Автобуста танылған әнші бала
«Жігітке жеті өнер де аз» демекші, Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы №11орта мектептің 9е сынып оқушысы Ерасыл Жанғазы Талдықорған қаласында автобуста өз өнерімен танымал болды. Тамылжыта ән салған баланың өнеріне жұртшылық риза болған еді. Желіге тарап кеткен сол видеодан соң оны көлікте іздейтіндер көбейді.
Ол Н. Тілендиев атындағы музыка мектебінен баян аспабынан дәріс алған. Осыған дейін бірнеше байқаулардың жүлдегері атанды. ...
Жетісуда көкжөтел инфекциясы тіркелді
Облыста алғашқы нақтамамен көкжөтел инфекциясының 5 жағдайы тіркелген. Оның ішінде 1 жағдай клиникалық жолмен расталды. Расталған жағдай 1 жасқа дейінгі ұйымдастырылмаған топқа жатады. Яғни, бала аталған дертке қарсы вакцинасын алмаған. Айта кетейік, өткен жылы көкжөтел инфекциясы тіркелген жоқ. Бұл туралы БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз-мәслихатында Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Асхат Чарапиев айтып берді.
Биылғы жылы жұқтырғандармен байланыста болған 178...
«Жетісу – кітап керуені» Астанаға жетті
Астана қаласында «Жетісу – кітап керуені» жобасы аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Жетісу облысының әдеби-мәдени құндылықтарын дәріптеу мақсатында 2006 жылдан бастап облыс әкімінің қолдауымен жарыққа шыққан ақын-жазушылар, композиторлар мен суретшілердің 500 дана кітаптарын сыйға тарту мәдени іс-шарасы өтті.
Мәдени іс-шараны Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қуаныш Сұлтанұлы Сүлейменов ашып, Астана оқырмандары үшін 500 дана кітапты Ұлттық...
Талдықорғанда жуғыш заттар өндірілуде
Ғылым қарыштап дамып жатқан заманда заманауи үдерістен қалмау - бүгінгі күннің басты талабы. Талдықорған қаласы табиғи ресурстарды ең тиімді жолмен игеретін, құрамында зиянды заттары жоқ өнімдерді шығаратын кәсіпорынмен толықты. Күнделікті тұрмысқа қажетті жуғыш заттарды шығарып жатқан «KARKYN.GRUP» ЖШС.
Қарқын Тоқа жетекшілік ететін нысан ыдыс, киім (балаларға, ақ және түрлі түсті киімдерге) және автокөлік шыныларын жууға арналған сұйықтық өнімдерін өндіреді. Майды...
ПРЕЗИДЕНТТІҢ ҮКІМЕТ ОТЫРЫСЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ
Жаңа Үкіметтің алғашқы кеңейтілген отырысын бастаймыз. Ең алдымен, Премьер-Министр Олжас Абайұлы Бектеновті осы жоғары лауазымға тағайындалуымен құттықтаймын. Үкімет табысты жұмыс істейді деп сенемін. Бүгін біз былтыр атқарылған жұмысты қорытындылаймыз. Сондай-ақ алдағы кезеңнің басты міндеттеріне тоқталуымыз керек.
Жалпы, өткен жылы экономикамыз 5,1 пайызға өсті. Ең бастысы, еліміздің даму қарқыны бәсеңдеген жоқ. Алдыңғы Үкімет осы бағытта біраз жұмыс істеді. Кеше мен бұрынғы...
Президент жаңа Үкіметке бірінші жұмыс күнінде он тапсырма берді
2024 жылдың 7 ақпан күні Мемлекет басшысы Жаңа Үкіметтің алғашқы кеңейтілген отырысын өткізген болатын. Мемлекет басшысы бүгін мен қазіргі экономикалық ахуалға қатысты өзекті мәселелерге тоқталып өтті.
БІРІНШІ. Бюджет және салық саясатының тиімділігін барынша арттыру қажет.
ЕКІНШІ. Жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек.
ҮШІНШІ. Мемлекеттік сатып алу, мемлекет пен жекеменшік серіктестігі, құрылыс саласын реттеу жүйесін реформалау қажет.
ТӨРТІНШІ. Экономиканы кешенді түрде ырықтандыру үшін жүйелі шаралар...
Президент халық табысын қарқынды өсіруге тапсырма берді
Мемлекет басшысы Жаңа Үкіметтің алғашқы кеңейтілген отырысында «2029 жылға қарай экономикамыздың көлемін 450 миллиард долларға жеткізуіміз керек. Яғни, нақты меже бар. Енді тек жұмыс істеу қажет. Бұл – еліміздің жалпы ішкі өнімі жыл сайын кемінде 6 пайызға өсуі керек деген сөз. Сондай-ақ макроэкономикалық көрсеткіштермен қатар халықтың нақты табысы да қарқынды түрде артуы керек. Бұл – өте маңызды міндет. Бір...
Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету — басты міндет
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Үкімет отырысында сөйлеген сөзін мұқият тыңдадық. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ең басты міндет екенін, құрылыс сапасына жасалатын бақылауды міндетті түрде күшейту керектігін айтты. Ғимараттардың заңсыз әрі орынсыз салынуына,үлескерлік құрылысқа,мүлік иелерінің бірлестігін реформалауға қатысты қордаланған мәселелерді де шешуді,құрылыс саласына бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуын қамтамасыз етуді,бақылауда болуын тапсырды.Тағы бір өзекті мәселе-сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаппай күресу...
Жұмыс жедел әрі дәйекті түрде жүргізілуі қажет
Күні кеше ғана Қазақстан Республикасының Президенті Үкімет басшысын тағайындап, он тапсырма жүктегеніне ақпарат құралдары арқылы куә болдық. Үкіметке де, әкімдіктерге де тиісті құзірет беріліп отырғанын атап өткен Қасым-Жомарт Кемелұлы оларға жұмыс істеу тәсілін толық өзгертуді тапсырды.Қазіргідей жағдайда экономиканы мейлінше еркін дамытуға мән беріліп, дамудың жаңа белесіне шығу үшін жұмысты жедел әрі дәйекті түрде жүргізу керектігіне назар аударды. Былтырғы жылы...





























