«Жігітке жеті өнер де аз» демекші, Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы №11орта мектептің 9е сынып оқушысы Ерасыл Жанғазы Талдықорған қаласында автобуста өз өнерімен танымал болды. Тамылжыта ән салған баланың өнеріне жұртшылық риза болған еді. Желіге тарап кеткен сол видеодан соң оны көлікте іздейтіндер көбейді.
Ол Н. Тілендиев атындағы музыка мектебінен баян аспабынан дәріс алған. Осыған дейін бірнеше байқаулардың жүлдегері атанды. Республикалық «Бабалар аманаты»,«Жарқын болашақ», «Үкілі үміт»,«Өнер алаңы»,«Дәстүрлі ән» байқауларына қатысып бас жүлде иеленді.
Бала дегеніміз — біздің болашағымыз әрі айнамыз. Баланың саналы азамат болып қалыптасуы тікелей отбасындағы тәрбиеге де байланысты. Ата-ана перзенттің бойындағы қабілеттерін дұрыс аша білсе, бала өз мүмкіндігін дұрыс пайдаланары сөзсіз. Әкесі Уанбаев Мирас Жанғазыұлы №18404 әскери бөлімінде әскери қызмет атқарады. Анасы Жүнісбаева Нүрия Зулпикарқызы қазақтың мыңдаған баласын оқытып жүрген ұстаз.
Ерасыл мектепте көптеген іс-шараға қатысып,өнерін ортаға салар белсенділердің бірі.Өнерлі баланың талабына нұр жаусын. Оқушымыздың болашағына үлкен үміт артамыз.
Әйгерім Нарынбаева,
Еркін ауылын Есжан Берліқожаұлы атындағы №11мектеп кітапханашысы