Президент жаңа Үкіметке бірінші жұмыс күнінде он тапсырма берді

213

2024 жылдың 7 ақпан күні Мемлекет басшысы Жаңа Үкіметтің алғашқы кеңейтілген отырысын өткізген болатын. Мемлекет басшысы бүгін мен қазіргі экономикалық ахуалға қатысты өзекті мәселелерге тоқталып өтті.

БІРІНШІ. Бюджет және салық саясатының тиімділігін барынша арттыру қажет.

ЕКІНШІ. Жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек.

ҮШІНШІ. Мемлекеттік сатып алу, мемлекет пен жекеменшік серіктестігі, құрылыс саласын реттеу жүйесін реформалау қажет.

ТӨРТІНШІ. Экономиканы кешенді түрде ырықтандыру үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет.

БЕСІНШІ. Еліміздегі өндірістің дамуына тың серпін беру қажет.

АЛТЫНШЫ. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту және су ресурстарын үнемдеп пайдалану өте маңызды.

ЖЕТІНШІ. Коммуналдық-энергетикалық секторды жаңғырту жұмыстарын жеделдету керек.

СЕГІЗІНШІ. Еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін арттыру үшін белсенді жұмыс істеу қажет.

ТОҒЫЗЫНШЫ. Экономиканы цифрландыру ісін жалғастыру және жасанды интеллект технологиясын кеңінен қолдану аса маңызды.

ОНЫНШЫ. Әлеуметтік салаға айрықша назар аударған жөн.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз