Жұмыс жедел әрі дәйекті түрде жүргізілуі қажет

185

Күні кеше ғана Қазақстан Республикасының Президенті Үкімет басшысын тағайындап, он тапсырма жүктегеніне ақпарат құралдары арқылы куә болдық. Үкіметке де, әкімдіктерге де тиісті құзірет беріліп отырғанын атап өткен Қасым-Жомарт Кемелұлы оларға жұмыс істеу тәсілін толық өзгертуді тапсырды.Қазіргідей жағдайда экономиканы мейлінше еркін дамытуға мән беріліп, дамудың жаңа белесіне шығу үшін жұмысты жедел әрі дәйекті түрде жүргізу керектігіне назар аударды. Былтырғы жылы Жолдауда өзі айқындап берген жаңа экономикалық саясаттың негізгі бағыттарына тағы да тоқталды. Әрине, бұл  елімізді дамытумен қатар халықтың әл-ауқатын жақсартуға ерекше  мән беріліп отырғанының нақты дәлелі деп білемін.

Ұлтуған  Әділжанова, кәсіпкер

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз