Облыстық білім басқармасының ұйымдастырумен білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың тиімді жолдарын қарастыру, педагогтердің өзара тәжірибе алмасуына ықпал ету мақсатында «Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту маңыздылығы» тақырыбында өңіраралық семинар өтті.
Семинардың пленарлық жұмысына онлайнрежимде педагогика ғылымдарының кандидаты, Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының жалпы даму пәндері зертханасының жетекші ғылыми қызметкері Дюсенбаева Ардақ Толеуовна, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» Ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» АҚ басқарма төрағасы Аманғазы Мағжан Заңғарұлы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті география және экология кафедрасының профессоры, география ғылымдарының докторыАбдиманапов Бахадурхан Шарипович, Ескелді ауданы Н.Алдабергенов атындағы орта мектебінің география пәні мұғалімі, «Үздік педагог-2023» атағының иегері Нестеренко Анжелика Викторовна, Маңғыстау, Жамбыл облыстары мен Алматы қаласының, сондай-ақ өңіріміздің педагогтері қатысты.
Өңіраралық семинар жұмысы тәжірибе бөлісу алаңдарымен жалғасып, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, математика, физика, информатика, химия, биология, география және бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.
Алаң жұмысында Египет, Хургада қ., «Родник» білім беру орталығының директоры, «Жас Планета» халықаралық Балалар медиа жобасының жетекшісі, Армения, Ванадзор қ., Адмирал Паноян атындағы №23 негізгі мектебінің Беларусь Республикасы, Светлогорск қ. №11 орта мектебінің, Үндістан, Бангалор қ., «Теремок» балалар білім беру орталығының орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері, Маңғыстау облысының математика пәні, Жамбыл облысының география пәні мұғалімдері, Алматы қаласы Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері, «Үздік педагог» конкурсының грант иегерлері, педагог- шеберлер өз тәжірибелерімен бөлісті. Шара соңында тәжірибе таратқан мұғалімдер білім басқармасының алғыс хатымен марапатталды.