14.3 C
Taldykorgan, KZ
Пятница, 10 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 48

2026–2027 жылдарға арналған ҮЕҰ үшін мемлекеттік гранттар конкурсы жарияланды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі үкіметтік емес ұйымдарға арналған екі орта мерзімді мемлекеттік грант беру бойынша конкурсқа өтінімдер қабылдаудың басталғанын хабарлайды. Аталмыш қолдау қоғамдық кеңестердің әлеуетін көтеруге, жалпыұлттық бірлікті нығайту және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында этносаралық қатынастар саласындағы ақпараттық-түсіндіру қызметін дамытуға бағытталған жобаларға көрсетіледі. Өтінімдер 2026 жылғы 18 ақпаннан 18 наурыздың сағат 18:30-ға дейін, 20 жұмыс күні ішінде қабылданады. Конкурс...

Мемлекет басшысы Вашингтонда отандастарымызбен кездесті

Вашингтонда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарында тұратын және білім алып жүрген Қазақстан азаматтарымен кездесті. Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпаққа үлкен үміт артатынын айтты. Сондай-ақ мемлекет жастарға ұдайы қолдау көрсетіп, олардың жан-жақты дамуына және қабілет-қарымын ұштауға қолайлы жағдай жасайтынын жеткізді.   Президент наурыз айында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы бойынша өтетін жалпыхалықтық референдумның ел болашағы үшін тарихи маңызы зор екеніне назар...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтауы

Құрметті отандастар!   Сіздерді күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – дүние жүзіндегі миллиардтаған жанды рухани тазаруға, жақынына жанашыр әрі қамқор болуға үндейтін мезгіл. Ораза азаматтарды шыдамдылық пен төзімділікке шақырып, халқымыздың бойына қарапайымдылық, жауапкершілік және адалдық сынды асыл қасиеттерді сіңіреді. Оразаның рухани құндылықтарын қазір әлемде болып жатқан күрделі ахуалды ескере отырып, кемел санамен қабылдау, оның түпкі мағынасын дұрыс...

Аида Балаева: Референдум – формалды процедура емес, ол – халықтың тікелей қатысуының ең тиімді тетігі

Талдықорған қаласындағы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы алаңында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясының жұмысы шеңберінде Жетісу облысы активімен кездесу өтті. Іс-шара жаңа Конституция жобасы мен алда болатын республикалық референдум бойыншатүсіндіру жұмысының бөлігі ретінде ұйымдастырылды. Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі, Коалициятөрағасының орынбасары Аида Балаева өз сөзінде реформаның саяси-әлеуметтік мәніне кеңінен тоқтала келе, Мемлекет басшысының ұйытқы болуымен қолға...

РАМАЗАН – РУХАНИ ТАЗАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ АЙЫ

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Өксікбайұлы Исабаевтың Рамазан айының басталуымен құттықтауы   Құрметті жерлестер!  Қасиетті Рамазан айының басталуына орай шынайы құттықтауымды қабыл алыңыздар! Барша мұсылмандар үшін ерекше қадірлі бұл ай шынайы құндылықтарды паш етіп, игі істер мен қайырымдылық жасауға, төзімділік пен қамқорлыққа үндейді. Рамазан рухани тазару мен жаңғыруға бастап, ел бірлігін нығайтуға, өзара түсіністік пен сыйластықты арттыруға ықпал етеді. Бұдан былай да халқымыздың ырысы еселеніп,...

Астанада жаңа Конституция жобасы бойынша сараптамалық талқылау өтті

Бүгін Заңнама және құқықтық ақпарат институтында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор Марат Башимовтың қатысуымен сараптамалық кездесу өтті. Сараптамалық диалогтың өзегінде «Адам құқықтарын қорғау саласындағы конституциялық жаңашылдықтар: жаңа тетіктер мен кепілдіктер» тақырыбы болды. Талқылауға Институт басшылығы, жетекші ғылыми қызметкерлер, сондай-ақ беделді құқықтанушылар мен конституциялық құқық саласының мамандары қатысты. Кездесу жаңа Конституция жобасын талдауға...

Совет матерей Жетісу поддерживает инициативы по укреплению семьи в новой Конституции

Новые нормы закрепляют приоритет брака, защиту детства и межпоколенческую ответственность, способствуя формированию устойчивого общества. В проекте новой Конституции Республики Казахстан особое внимание уделено вопросам брака и семьи. Предлагаемые формулировки выходят за рамки сугубо юридической нормы и отражают стратегический выбор государства — укрепление традиционных ценностей, социальной ответственности и устойчивости общества, передает корреспондент Vestnik19.kz На заседании Национального курултая Президент Касым-Жомарт Токаев подчеркнул, что...

Талдықорған қаласының аумақтық референдум комиссияларының құрамдары, орналасқан жері және жұмыс уақыты туралы хабарлама

«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 6-бабы 3-тармағына сәйкес және «2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 11 ақпандағы № 1170 Жарлығымен «2026 жылғы 15 наурызға белгіленген республикалық референдумды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының 2026 жылғы 12 ақпандағы №6/10 қаулысы негізінде Талдықорған...

Жетісуда жыл соңына дейін кітапхананы қоса алғанда 9 мәдениет нысаны қолданысқа беріледі

Мемлекет басшысының Атырауда өткен III Ұлттық құрылтайда берген кітапхана саласын дамыту туралы тапсырмасына орай Жетісу облысында заманауи кітапхана құрылысы аяқталуға жақын. Жалпы, өңірде жыл соңына дейін 9 мәдениет нысаны салынып бітіп, іске қосылады деп жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.    Жетісу облысы құрылғаннан бері салынып жатқан алғашқы кітапхана Кербұлақ ауданында бой көтеруде. Облыстық мәдениет, архивтер және...

Өңірлерінде су тасқыны кезеңіне дайындық аясында кешенді профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде

Жетісу облысында су тасқыны кезеңіне алдын ала дайындық жүргізілуде. Инженерлік және профилактикалық іс-шаралар кешені өткен жылдың көктем-жаз айларында өңірді дамыту және елді мекендерді су басу қаупін азайту жоспары аясында басталды. Жалпы 24 су тасқынына қарсы іс-шара жүзеге асырылды. Атап айтқанда су тасқыны қаупі бар учаскелерде 14 км су ағызу каналдары жасалды және тазартылды, 3 км қорғаныш бөгеттері жөнделді, 11 км өзен арналары...