Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі үкіметтік емес ұйымдарға арналған екі орта мерзімді мемлекеттік грант беру бойынша конкурсқа өтінімдер қабылдаудың басталғанын хабарлайды.
Аталмыш қолдау қоғамдық кеңестердің әлеуетін көтеруге, жалпыұлттық бірлікті нығайту және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында этносаралық қатынастар саласындағы ақпараттық-түсіндіру қызметін дамытуға бағытталған жобаларға көрсетіледі.
Өтінімдер 2026 жылғы 18 ақпаннан 18 наурыздың сағат 18:30-ға дейін, 20 жұмыс күні ішінде қабылданады.
Конкурс туралы толық ақпарат пен жобаларға қойылатын талаптар cisc.kz сайтындағы «Гранттар» – «Гранттар туралы хабарландырулар» бөлімінде орналастырылған.
Кеңес алу үшін байланыс телефондары: +7 (702) 984 98 06, +7 (7172) 79 04 31, +7 (7172) 79 08 07.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
2026–2027 жылдарға арналған ҮЕҰ үшін мемлекеттік гранттар конкурсы жарияланды




























