Қазақтың құрты – алғыс айтудың символы
Алғыс айту күні - тағдыр тәлкегімен елімізге еріксіз қоныс аударған түрлі этнос өкілдерінің құтты мекеніне айналған қазақ жері мен қонақжай халқымызға деген терең тағзымының, ортақ тарихымызға көрсетілген құрметтің белгісі. Бұл мереке сыйластық, мейірім мен ізгіліктің, тыныштық пен үндестіктің айшықты көрінісі. Сондай-ақ, қиын-қыстау жылдары қазақ халқының көрсеткен қамқорлығының ұмытылмайтындығының дәлелі.
Бұл күн - бейбіт заманда өмір сүріп отырған барша азаматтың бір-біріне...
Апатты үйлер алаңдатады
ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 10-3 бабына сәйкес, жергілікті атқарушы орган жергілікті бюджет қаражаты есебінен пайдаланудағы көппәтерлі тұрғын үйлерге мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жүргізуді қамтамасыз етеді. Жүргізілген түгендеу жұмыстарына немесе тұрғындардың арызы негізінде техникалық зерттеуді талап ететін тұрғын үйлердің тізімі айқындалып, мемлекеттік сатып алу порталы арқылы атестациялық ұйымды айқындайды. Аталмыш зерттеу жұмысы тұрғын үйлердің күрделі жөндеуді талап ететінін немесе...
Жетісу облысында халықты иммундау бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде
2024 жылдың 3-тоқсанынан бастап 11 жасар қыздарға адам папиломавирусына қарсы екпе жүргізіледі. Айта кетерлігі, облысқа АПВ-ға қарсы вакцинаның алғашқы түсімі қыркүйек айына жоспарланды. Иммундаудың маңыздылығы туралы Өңірлік коммуникация қызметінің баспасөз конференциясында облыстың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Индира Күнбасова айтып берді.
Тұрғындар арасында жоспарлы және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша иммундау белсенді түрде жалғасуда. Жоспарлы түрде: ұлттық күнтізбеге сәйкес балаларға туберкулез (БЦЖ),...
Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне көшеді: рейске кешігіп қалмау үшін не істеу қажет
29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні жолға шығатын жолаушыларға әуе компаниялары мен «Қазақстан темір жолы» АҚ таратқан ақпаратқа баса назар аударып, әуежайлар мен вокзалдарға рейс жөнелтілетін уақыттан әлдеқайда ертерек келу ұсынылады
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақыт Астана, Алматы және Шымкент қалаларында, Абай, Жетісу, Ұлытау, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында 1...
Бірыңғай уақыт белдеуіне көшу: Цифрлық даму министрлігі бірқатар нұсқаулық ұсынды
2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні Қазақстан Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қызылорда облыстарынан басқа барлық аймақтар бірыңғай уақыт белдеуіне көшеді.
Осы іс-шараны жүзеге асыру мақсатында келесі шаралар қабылданды:
1) IANA (Интернет мекенжай кеңістігінің әкімшілігі), ХЭБО, РСС, ICANN, IETF, IESG сынды халықаралық ұйымдарға Қазақстанның бірыңғай 5-ші уақыт белдеуіне көшуі, сондай-ақ Қазақстан үшін уақыт белдеулерінің (time zone database) жалпыға...
Жетісу облысында сейсмикалық жаттығулар күшейтілді
Оқу-жаттығулар мен жақсы теориялық дайындық табиғи және техногендік сипаттағы апаттар кезінде өзіңізді және жақындарыңызды құтқарудың негізгі құрамдас бөлігі. Бір ай бұрын 23 қаңтарда болған жер сілкінісінен Алматы қаласы мен оған жақын орналасқан сейсмикалық белсенді аймақ тұрғындарының көпшілігін «дабыл чемоданының» дайындығы және төтенше жағдайлардағы мінез-құлық дағдыларына үйрету туралы ойлауға мәжбүр етті.
«Жетісу облысында қазірдің өзінде бірнеше сейсмикалық оқу-жаттығулар жүргізілді. Соңғысы 23...
Еліміздегі электр энергиясын пайдалану қағидалары
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалаумен бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша аумақтық департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы Тимур Әуесханұлы біраз сауалға жауап берген еді.
-Тимур Әуесханұлы біздің елімізде бизнесті дамыту үшін жағдайлар жасалуда. Электр энергетикасы саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге қандай өзгерістер енгізілді?
Иә, электр энергетикасына қатысты заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Мысалы, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 25.02.2015...
Татардың ұлттық тағамы күні аталып өтті
Талдықорған қаласындағы Достық үйінде «Дүниежүзілік татар ұлттық тағамдары күні» аясында «Ең үздік чак-чак» байқауы номинациялар бойынша өткізілді.
Шара барысында концерттік бағдарлама, көрме, мастер класс ұйымдастырылды. Қазылардың әділ шешімімен бірнеше үміткерге марапат табысталды.
«Шығармашылық чак-чак» номинациясында А. Шульгина, Ф.Садыкова, Ф.Ташкенбаева; «Ең үлкен чак-чак» номинациясында А.Токбаева, З.Искакова, З.Абдрахимова, «Ең әдемі чак-чак» номинациясында Л.Зайцева, Н.Назырова, С.Фаизова жеңімпаз атанды. Ал, М.Салимова бас жүлде мен 50 мың теңгенің...
Уақыт белдеуі ауысады
1 наурыздан бастап Қазақстан 5-ші уақыт белдеуіне ауысады. Яғни еліміздің барлық өңірінде уақыт теңеседі.
Сарапшылардың пайымдауынша, бұл халықтың өмір сүру салтына оң ықпалын тигізеді. Әуе рейстері мен пойыздардың журу кестесі өзгере ме? Жаңашылдық халыққа қызмет көрсету орталықтары мен онлайн порталдардың жұмысына қалай әсер етеді?
Наурыз айында пойыздар жаңа кесте бойынша жүреді. Бұл билеттерде де ескерілген. Ең бастысы – жолаушылар өздерінің сағаттарын...
Жетісу облысында мамандандырылған ХҚКО-ға кезекті брондаудың жаңа әдісі танымалдыққа ие болуда
Мамандандырылған ХҚО-да емтихан тапсыру үшін кезекке тұруға «ХҚКО» қосымшасы арқылы үш жүзден астам өтініш түскен. Енді азаматтарға алғаш рет жүргізуші куәлігін алу үшін орталыққа хабарласудың қажеті жоқ. Олар мұны қосымшаның «Бейне қызметі» батырмасы арқылы онлайн жасай алады.
Қызметтің арқасында азаматтар уақытын айтарлықтай үнемдей алады. Мәселен, бұған дейін теорияны тапсыру үшін көрсетілетін қызметті алушы мамандандырылған ХҚКО-ға келіп, талон алып, кезекте тұруы,...





























