Жетісу облысында халықты иммундау бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде

201

2024 жылдың 3-тоқсанынан бастап 11 жасар қыздарға адам папиломавирусына қарсы екпе жүргізіледі. Айта кетерлігі, облысқа АПВ-ға қарсы вакцинаның алғашқы түсімі қыркүйек айына жоспарланды. Иммундаудың маңыздылығы туралы Өңірлік коммуникация қызметінің баспасөз конференциясында облыстың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Индира Күнбасова айтып берді.
Тұрғындар арасында жоспарлы және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша иммундау белсенді түрде жалғасуда. Жоспарлы түрде: ұлттық күнтізбеге сәйкес балаларға туберкулез (БЦЖ), вирустық «В» гепатиті, көкжөтел және дифтерия сияқты инфекцияларға қарсы, ал эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша «А» вирустық гепатитіне, тұмауға, құтырмаға, короновирусқа қарсы иммундау жүргізілуде.
«Иммундау – бұл вакцина енгізу арқылы адамда иммунитетті қалыптастыратын процесс. Ол өзінің тиімділігін дәлелдеген, қоғамдық денсаулықты сақтауда экономикалық тиімді шара. Профилактикалық егу (вакцинация) балалар үшін де, ересектер үшін де өте маңызды. 2024 жылдың басынан бері көкжөтелдің 1 жағдайы тіркелді. Бұл инфекциялардың барлығы вакцинаны уақтылы алмау себебінен орын алды», — деп атап өтті спикер.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасарының айтуынша, бүгінгі күні қызылша жұқпасының алғашқы нақтамасымен өсу қарқынымен 1244 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 879 жағдай расталды. Қызылша жұқпасы көбінесе екпе алмағандар арасында тіркелуде. Оның ішінде 209 бала ата-анасы екпеден бас тартып, екпе алмай, соның себебінен ауырғандар.
Айта кету керек, вакцинациядан бас тарту инфекцияны жұқтыру қаупін ғана емес, сонымен қатар оның асқынулардың және тіпті өлімнің ауыр даму қаупін де тудырады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз