Жетісу облысында сейсмикалық жаттығулар күшейтілді

209

Оқу-жаттығулар мен жақсы теориялық дайындық табиғи және техногендік сипаттағы апаттар кезінде өзіңізді және жақындарыңызды құтқарудың негізгі құрамдас бөлігі. Бір ай бұрын 23 қаңтарда болған жер сілкінісінен Алматы қаласы мен оған жақын орналасқан сейсмикалық белсенді аймақ тұрғындарының көпшілігін «дабыл чемоданының» дайындығы және төтенше жағдайлардағы мінез-құлық дағдыларына үйрету туралы ойлауға мәжбүр етті.

«Жетісу облысында қазірдің өзінде бірнеше сейсмикалық оқу-жаттығулар жүргізілді. Соңғысы 23 ақпанда, ал кезекті оқу-жаттығу 1 наурызда өткізіледі. Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнімен тұспа-тұс келіп тұрған оқу-жаттығу жоғары, орта, орта арнаулы оқу орындарында, мектепке дейінгі мекемелерде және басқа да ұйымдарда ұйымдастырылмақ. Мұнда арнайы сабақтар өткізіліп, эстафета, жарыстар ұйымдастырылады, оның барысында қатысушылар өзін-өзі қорғаудың қажетті дағдыларын игереді және түрлі дағдарыс жағдайларына тап болған жандарға көмек көрсетуді үйренеді», — деп түсіндірді Жетісу облысының ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы, подполковник Данияр Тлеуханов.
Спикер 1 наурызда облыс аумағында сейсмикалық жаттығулардың көрсетілімі өтетінін, Талдықорған қаласы Қабанбай батыр көшесі №26 мекенжайы бойынша орналасқан «Жетісу облысы әкімі аппаратының Шаруашылық басқармасы» КММ базасында сейсмикалық жаттығулар ұйымдастырылатынын атап өтті.
Мұндай оқу-жаттығуларды жыл соңына дейін облыстың барлық оқу орындары, ірі кәсіпорындары мен мекемелерінде ұйымдастыру жоспарлануда.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз