1 наурыздан бастап Қазақстан 5-ші уақыт белдеуіне ауысады. Яғни еліміздің барлық өңірінде уақыт теңеседі.
Сарапшылардың пайымдауынша, бұл халықтың өмір сүру салтына оң ықпалын тигізеді. Әуе рейстері мен пойыздардың журу кестесі өзгере ме? Жаңашылдық халыққа қызмет көрсету орталықтары мен онлайн порталдардың жұмысына қалай әсер етеді?
Наурыз айында пойыздар жаңа кесте бойынша жүреді. Бұл билеттерде де ескерілген. Ең бастысы – жолаушылар өздерінің сағаттарын бірыңғай уақыт белдеуіне сәйкес ауыстыруы керек. 2024 жылдың 29 ақпанынан 1 наурызға қараған түні билет сатып алған жолаушыларға пойыздардың жөнелту уақытындағы өзгерістер туралы СМС-хабарламалар жөнелтіледі.
Мемлекеттік қызметті онлайн ұсынатын «eGov» порталы 29 ақпан күні сағат кешкі 22:00-ден 1 ақпан сағат түнгі 02:00-ге дейін жұмысын тоқтатады. Техникалық үзісі порталды уақыт белдеуіне бейімдеу үшін қажет.