9.2 C
Taldykorgan, KZ
Воскресенье, 12 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 478

Бірлік пен береке мерекесі

Бүгін Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл қоғам белсенділері мен қаламыздың дамуына үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарды 1 наурыз-Алғыс айту күнімен құттықтады. Олардың қатарында батырлық танытып,жас бойжеткеннің өміріне араша түскен шаштараз-Яровая Галина Анатольевна,бір отбасын өрттен құтқарып қалған,автобус жүргізушісі-Қуатқали Елнұр Жанатбекұлы да бар. «Кең пейілді қазақ халқы қашанда әрбір игі іске ризашылығын білдіріп,алғыс айтып отырған. Тыныштық пен үндестік,өзара сенім мен құрметтің...

Мемлекеттік тілді құрметтейік

Қазақстан  Республикасының  егеменді, тәуелсіз мемлекет екендігін айқындайтын негізгі конституциялық құқық белгілерінің бірі -  мемлекеттік тіл. Қай кезде болмасын тіл мәселесі – сөйлейтін, сол тілден сусындаған, ұлттық, ділдік белгісі болып саналады.. Әрбір халықтың ана тілі бар десек, өз ана тіліміздің  барша болмысы, тіпті оның әрбір дыбысы мен жалғау жұрнағы әрбір  азаматқа танымал, мәдени– әлеуметтік өмірде өзіндік мәні бар киелі ұғым. Ұлт...

Талдықорғанда инклюзивті топтарға арналған аудиостудия ашылды

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары IT-services & Education жастар қоғамдық бірлестігімен бірлесіп көру қабілеті бұзылған адамдарға арналған кітаптарды дубляждайтын аудиостудия ашты. Салтанатты шара Жастарға қызмет көрсету орталығында өтті. «Биыл біз IT-services & Education қоғамдық жастар бірлестігімен ынтымақтастықты бастадық. Меморандумға қол қойылып, мектепте «Жарық» жобасы ұйымдастырылды. Оған 50-ге жуық адам қатысуда. Жобаның үш бағыты бар: зағип жандарға Брайль қарпін меңгеруге көмектесетін...

Алғыс бәріңе! Талдықорған қаласының әкімі әлеуметтік көмек алушыларды құттықтады

Алғыс айту күніне орай Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл «Талдықорған қаласының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ есебінде  тіркеуде тұрған әлеуметтік көмек алушылардың үйлеріне барып қайтты.  Ең алдымен мүгедектігі бар балаларға  үйде арнаулы көмек алатын Жансая Төлеубай мен әлеуметтік қызметкер Жаңылхан Сұлтановаға алғыс айтып, Алғыс хат табыстады. Жаңылхан Мұратқызының айтуынша, мүмкіндігі шектеулі 6 балаға 8 арнаулы әлеуметтік...

Мың алғыс. Отанға құрметім шексіз

 Бүгін, 1 наурыз - Алғыс айту күні. Жалпы бұл мереке елімізде 2016 жылдан бастап атап өтіліп жатыр. Мереке күні біз алғысты бір-бірімізге, ата-анамызға, айналамыздағы достарымызға, жақындарымызға, туған елімізге, жерімізге айтып отырамыз. Бір сөзбен айтқанда, бұл мереке- адамдарды бір бірімен достастырып, жағымды қарым-қатынас орнатуға бір қадам жасауға ықпал етеді.  Қазақ жерінде тұрып жатқан әрбір ұлт өкілі Қазақстанмен мақтана алады. Қазіргі таңда...

1 наурыздан бастап не өзгереді?

Жастарға жаңа тұрғын үй бағдарламасы 1 наурызда "Отау" бағдарламасы іске қосылады. Сол күннен бастап 30 сәуірге дейін (қоса алғанда) қазақстандықтар Баспана маркет (otbasybank.kz) порталында бағдарламаға қатысу туралы өтініш жолдай алады. "Отау" бағдарламасына кімдер қатыса алады? Отбасы банк салымшылары ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы), оның ішінде тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар қатыса алады; Үміткердің жинақ шоты ең кемі 18 айлық болуы керек; Өтінім беру сәтінде депозиттегі жинақ сомасы 1 млн...

Қазақстан ресми түрде бірыңғай уақыт белдеуіне көшті

Қазақстан ресми түрде бірыңғай уақыт белдеуіне көшті. Дәл 1 наурызға қараған түні сағат 0.00-де Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында және Абай, Жетісу, Ұлытауда аймақтарда сағат тілі бір сағатқа артқа жылжыды. Осылайша, ел ресми түрде UTC+5 біртұтас уақыт белдеуіне көшті.

Өңірлік кадр резерві: кім қатыса алады?

1 наурызда Өңірлік кадр резервіне іріктеу басталады. Іріктеуге жоғары білімі және кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар 35 жастан аспаған Қазақстан азаматтары қатыса алады. Қазақстан Республикасының Президенті тағайындаған адамдар, саяси қызметшілер, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері, Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар өңірлік резервке іріктеуге қатыса алмайды. Өңірлік резервке алынатын кандидаттардың санын, салалық бағыттарды өңірлік кадр комиссиялары өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды және мемлекеттік...

Федерация президенті сайланады

Жетісу облысының құрметті тұрғындары! 2024 жылғы 15 наурыз, жұма күні барлық ауылдық округтерде тұрғындар жиыны болады. Жиында ауыл тұрғындары арасынан ауылдық футбол, волейбол, баскетбол федерациясының президенті сайланады. Сайланған федерациясының Президенті ауылдық футбол, баскетбол, волейболын дамыту бойынша ауыл әкімінің кеңесшісі қызметін қоса атқарады. Жиын кезінде балаларға доп үлестіріледі. Толық ақпаратты ауылдық округ әкімдігінен біле аласыздар.  Жетісу облысының құрметті тұрғындары! 2024 жылғы, 29 наурыз, жұма...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады

Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп, ризашылығын білдіреді. Сондай-ақ татулық, ынтымақ, достық сынды қастерлі құндылықтар жан-жақты дәріптеледі. Мұның бәрі ұлтты ұйыстырудың ұтымды жолы екені сөзсіз. Халқымыздың уақыт сынынан өткен жанашырлық, қамқорлық, мейірімділік сияқты асыл қасиеттері, әсіресе қиын-қыстау кездерде айқын көрінеді. Бүгінде мемлекетімізде ауқымды өзгерістер болып, Әділетті Қазақстанды құру...