Алғыс бәріңе! Талдықорған қаласының әкімі әлеуметтік көмек алушыларды құттықтады

215

Алғыс айту күніне орай Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл «Талдықорған қаласының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ есебінде  тіркеуде тұрған әлеуметтік көмек алушылардың үйлеріне барып қайтты.  Ең алдымен мүгедектігі бар балаларға  үйде арнаулы көмек алатын Жансая Төлеубай мен әлеуметтік қызметкер Жаңылхан Сұлтановаға алғыс айтып, Алғыс хат табыстады. Жаңылхан Мұратқызының айтуынша, мүмкіндігі шектеулі 6 балаға 8 арнаулы әлеуметтік көмек жасалады екен.

 Мұнан соң жалғызбасты қарт әже Клавдия Дедович пен әлеуметтік қызметкер Раушан Мұстапановаға барып,амандық-саулық сұрасты.  Алғыс хат пен гүл шоғын ұсынды. Клавдия әже қал-жағдайын сұрап келген  қала әкіміне өз алғысын білдірді

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз