Мың алғыс. Отанға құрметім шексіз

298

 Бүгін, 1 наурыз — Алғыс айту күні. Жалпы бұл мереке елімізде 2016 жылдан бастап атап өтіліп жатыр. Мереке күні біз алғысты бір-бірімізге, ата-анамызға, айналамыздағы достарымызға, жақындарымызға, туған елімізге, жерімізге айтып отырамыз. Бір сөзбен айтқанда, бұл мереке- адамдарды бір бірімен достастырып, жағымды қарым-қатынас орнатуға бір қадам жасауға ықпал етеді.

 Қазақ жерінде тұрып жатқан әрбір ұлт өкілі Қазақстанмен мақтана алады. Қазіргі таңда еліміз сан түрлі тілдер мен мәдениеттер тоғысқан көпұлтты мемлекетке айналды. Қазақ ұлты елдің қара шаңырағы, берекенің ұйтқысы, бірліктің қайнар бұлағы десем артық айтқаным емес. Бұл маңызы зор мереке, елімізде тұрып жатқан барша ұлт өкілдері тату-тәтті, тыныштықта, бірлікте өмір сүріп жүргеніміз үшін шаңырағымызға алғыс айту күні деп аталған. Қиын -қыстау заманда ата — бабаларымызға, қазақ елі қол ұшын созғанын ұмытпауымыз қажет.

Осы мерекеде  мен қазақ еліне, қазақ жеріне, ата — анама, достарыма және білім нәрімен сусындатып отырған “Zhansugurov College” директоры Бақытжан Ескендировке  және  оқытушыларға өз алғысымды білдіргім келеді.

                                                                                         Екатерина Подгорнова,

                                            Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің

                                                                       “Zhansugurov           College” студенті,

                                                  Жетісу облысы “Ассамблея жастары” қоғамдық

                                                                                                   бірлестігінің мүшесі

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз