Талдықорғандық аналарға «Алтын» және «Күміс алқа» табысталды
Қала әкімі Ернат Бәзіл алтын құрсақты аналарға «Алтын», «Күміс алқа» наградаларын табыс етіп, ақжарма тілегімен жалғады.
Салтанатты жиынға, 7 ана отбасыларымен келіп, ерекше толғаныста болып, құрмет төрінен көрінді.
«Халық даналығында, «Ана деген бір қолымен бесік тербетсе, бір қолымен әлем тербетеді» деген ұлы сөз бар. Бұндай теңеу бекер емес. Бұған дәлелі, баланы өмірге әкеліп қана қоймай, оған тәлім-тәрбие, сапалы білім беру, үлкен...
Қалада күнделікті тазалық жұмыстары жүргізілуде
Жетісу облысы Талдықорған қаласының аумағында 5 саябақ пен 40 сквер орналасқан. Өңір орталығындағы бұл аймақтарды көркейту жұмыстарымен келісім шарт бойынша 4 мердігерлік мекеме айналысады. Бүгінгі таңда аптап ыстыққа байланысты жасыл желектер мен көшеттерді күн сайын таңертең және кешкі уақытта суару жұмыстары жүргізіледі. Қаладағы күнделікті тазалық істеріне 150-ден аса жұмыскер мен 30-ға жуық техника жұмылдырылған.
Талдықорғандықтар көп қабатты үй аулаларын гүлденген баққа айналдыруда
Талдықорған қаласының тұрғыны көпқабатты үйдің ауласын гүлденген баққа айналдырды. Ол үйдің кіреберіс тұсына жыл сайын сан түрлі гүл өсіреді. Бұл гүлдер қара суық түскенше өңін бермейді. Зейнеткердің еңбекқорлығының арқасында «Самал» шағын ауданындағы №11 үйде өсімдіктердің 60-тан астам түрі өсіп тұрған бұл ауланың «Үлгілі» атағына ие болуы да ғажап емес.
Ольга Серебренникова әр гүлге жан жылуын, көңіл шуағын қоса құяды. Он...
«Таза Қазақстан» экоакциясына бүгінге дейін 154 мың жетісулық атсалысты
Жетісу облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы басталған үш айға жуық уақыттың ішінде «Таза бейсенбі», «ROAD-эстафета», тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мен объектілерін вандализм іздерінен тазарту іс-шараларына жалпы саны 154 мыңнан астам адам, атап айтқанда кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, волонтерлар, жастар, шағын және орта бизнес өкілдері, жалпы облыс тұрғындары белсене атсалысты. «Таза Қазақстан» экоакциясы «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ»,...
1 қыркүйектен бастап студенттердің стипендиясы көбейеді
ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап колледждер мен ЖОО студенттеріне арналған стипендияларды арттыруды көздейтін Үкімет қаулысына қол қойды.
Колледж студенттері үшін шәкіртақы 50%-ға артып, жұмысшы мамандықтары бойынша 43 574 теңгені, орта буын мамандары үшін 41 896 теңгені құрайтын болады.
Бакалавриат студенттерінің стипендиясы 20%-ға артып, 47 135 теңгеге дейін, ал педагогика және медицина бағыттарындағы білім алушылардың стипендиясы 75 600 теңгеге дейін ұлғаяды.
Интернатурада оқитындарға стипендия 85 376 теңге, ал резидентурада – 123 122...
Жетісуға сенаторлар жұмыс сапарымен келді
Жетісу облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Сұлтан Дүйсембінов пен Ғалиасқар Сарыбаев Талдықорғанның бірқатар нысандарын аралады. Олар атбасын тіреген бірінші нысан - 2016 жылы ашылған қалалық көпсалалы аурухана. Оның құрылысына 9 371,0 млн. теңге, оның ішінде жергілікті бюджеттен 1 887,0 млн. теңге бөлінген болатын. Ауруханада стационар алмастыратын, стационарлық, жоғары кәсіби медициналық көмек көрсетіледі. Көпсалалы аурухананың бас...
Business.enbek.kz порталында 15 шілдеден 2-лекке бизнес-идеяларға грант алуға өтінім қабылдау басталады
Business.enbek.kz порталында (бұдан әрі - Портал) 2024 жылғы 15 шілдеден бастап 2-лек бойынша жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар алуға өтінімдер қабылдана бастайды. Республика бойынша екінші лекте 4 655 адамға грант беру жоспарлануда.
Гранттар қайтарымсыз негізде беріледі, нысаналы мақсаты жаңа бизнесті бастау және дамыту болып табылады.
Грант көлемі 400 АЕК-ті (1 476 800 теңге) құрайды. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады.
Грант қаражаты...
Халықтың кибергигиена деңгейін арттыру мақсатында тегін портал іске қосылды
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті қазақстандық MSSP.Global компаниясымен бірлесе отырып, халық үшін citizensec.kz тегін порталын іске қосты.
80% жағдайда сәтті кибершабуылдар ұйым қызметкерлерінің немқұрайлылығынан және азаматтардың цифрлық қызметтерді пайдалану кезінде киберқауіпсіздіктің негізгі қағидаттары туралы білімінің жеткіліксіздігінен туындайды.
Citizensec.kz порталы (https://citizensec.kz/awareness) Интернеттегі қауіпсіздік, оның ішінде құпия сөз саясаты, фишинг, әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік, жеке деректерді және...
Димаш Құдайберген Қазақстан мен Қытай Президенттері алдында өнер көрсетті
3 шілдеде опера әншісі Майра Мұхамедқызы мен әнші Димаш Құдайберген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге шағын концерт берді.
«Ресми келіссөздер соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің алдында опера әншісі Майра Мұхамедқызы мен әнші Димаш Құдайберген өнер көрсетті», делінген хабарламада.
Екі ел басшылары қазақстандық танымал әртістердің өнерін жоғары бағалағаны атап...
«Медаль» – қоғам айнасы
Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театры 48 маусымын жаңа қойылыммен жапты. Тың туынды Қанат Тілеуханның «Медаль» әңгімесінің желісі бойынша сахналанды. Қоғамдағы өзекті әрі ащы шындыққа негізделген оқиғаға куә бола отырып, хас таланттар өзіне лайықты бағасын алуы үшін міндетті түрде өмірден өтуі қажет пе әлде....сан сауал туындайды.
Жә, өзгелерді айтпағанда кешегі Шәмші, батыр Бауыржанға лайықты дәрежеде құрмет көрсете алмаған қоғамның бет-бейнесі...





























