Жетісу облысы Талдықорған қаласының аумағында 5 саябақ пен 40 сквер орналасқан. Өңір орталығындағы бұл аймақтарды көркейту жұмыстарымен келісім шарт бойынша 4 мердігерлік мекеме айналысады. Бүгінгі таңда аптап ыстыққа байланысты жасыл желектер мен көшеттерді күн сайын таңертең және кешкі уақытта суару жұмыстары жүргізіледі. Қаладағы күнделікті тазалық істеріне 150-ден аса жұмыскер мен 30-ға жуық техника жұмылдырылған.