Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасы төңірегіндегі ең көп таралған фейктер мен манипуляцияларға шолу
2-бөлім
6. «Конституциядан «бостандық» ұғымы алынып тасталды»
Керісінше, құқықтар мен бостандықтар ең жоғары құндылық ретінде айқындалған.
Преамбула мен 1-бапта адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең қымбат қазынасы деп жарияланған. Құқықтар мен бостандықтар бөлінбейтін және иеліктен шығарылмайтын деп танылады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өз жария мәлімдемесінде: «Адам және оның қадір-қасиеті – конституциялық модельдің езегіне айналып...
Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасы төңірегіндегі ең көп таралған фейктер мен манипуляцияларға шолу
Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасы төңірегіндегі ең көп таралған фейктер мен манипуляцияларға шолу дайындады. Біз желіде тараған жалған мәлімдемелерді жобаның ресми мәтінімен және мемлекеттік органдардың түсіндірмелерімен салыстырдық.
1-бөлім
1. «Конституция Президенттің өкілеттіктерін күшейтеді»
Бұл құжаттың мазмұнына сәйкес келмейді.
Жоба тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін бекітеді. Негізгі кадрлық шешімдер - Вице-президентті, Премьер-министрді, Конституциялық Сот судьяларын, Орталық сайлау комиссиясы мен Жоғары...
Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығына өтінімдерді қабылдаудың 20-шы мерейтойлық кезеңі басталды
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығына өтінімдерді қабылдаудың 20-шы мерейтойлық кезеңінің басталғанын хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығы жыл сайын кәсіпкерлік субъектілерін өнім мен қызмет сапасын жетілдірудегі елеулі жетістіктері және тиімді сапа менеджменті жүйелерін енгізуі үшін конкурс негізінде беріледі.
Қатысуға:
жеке кәсіпкерлер;• Қазақстан Республикасының аумағында тауар өндірумен немесе қызмет көрсетуімен айналысатын заңды тұлғалар (қару-жарақ пен әскери техника өндіруді қоспағанда) шақырылады.
Конкурсқа қатысушылар...
2026 жылы Қазақстанда жарты миллионнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарланған
Астанада ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Іс-шараға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев, Парламент депутаттары, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар өкілдері, министрлікке қарасты ұйымдар, әлеуметтік серіктестер қатысты.
Премьер-министрдің орынбасары Мемлекет басшысы әлеуметтік салаға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті. Азаматтардың жағдайы...
Жетісу облысында 8 наурыз қарсаңында бір отбасы 60 мың қызғалдақ өсірді
Жетісу облысының тұрғыны тіршілігін гүлмен байланыстырып, маңайын гүлге толтырды. Ол жолдасымен бірге ауласындағы жылыжайда бес жылдан бері альстромерия мен қызғалдақ өсіріп келеді. Биыл олар Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз мерекесіне орай 14 түрлі сортты 60 мың түп гүл қауызын баптап өсірді. Көктем мерекесінде жұртшылыққа гүл ұсынсақ деген ниетпен талпынып жүрген отбасының еңбегі зор, – деп хабарлайды Жетісу облысы...
Маңызды қадам
Жақында «AMANAT» партиясы Панфилов аудандық филиалында халыққа Ата Заң жобасын түсіндіру мен алдағы наурыз айында өтетін бүкілхалықтық референдумға белсенділікпен қатысуын қамтамасыз ету үшін үгіт-насихат
жұмыстарын белсенді атқаруда
Осыған орай жиын өтіп, «AMANAT» партиясы Панфилов аудандық филиалының төрағасы Ерлан Оспанбеков құрылымның мақсаттары мен міндеттерін түсіндірді.
Коалицияға аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясына мүше 16 депутат, қариялар мен белсенділер, мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері және...
Уақыт талабынан туған
Алдағы референдум – бұл жай ғана заңнамалық өзгеріс емес, бұл – мемлекетіміздің даму бағытын, ұлттық құндылықтарын және қоғамдық келісімін айқындайтын маңызды таңдау. Преамбула – ұлттық рухтың темірқазығы. Жаңа Конституция жобасындағы ең маңызды жаңалықтардың бірі – Преамбуланың мазмұндық тұрғыдан жаңғыртылуы. Бұл Конституцияның кіріспесі ғана емес. Ол – біздің кім екенімізді, қайдан бастау алғанымызды және қайда бағыт бұрғанымызды көрсететін идеялық бағдаршам.
Жаңа...
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ӨЗЕГІ – ЦИФРЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК
Бүгін «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалициясының мүшелері Нұрбек Құдайберген, Ермек Егінбаев, Дәурен Оңалбаев түсіндіру жұмыстары аясында «Көркейту-Талдықорған» мекемесінің қызметкерлеріменкездеті.
Жиында коалиция мүшелері Конституциялық өзгерістердің негізгі бағыттары, алдағы референдумның маңызы және реформалардың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалы туралы ақпарат беріп, жан-жақты талқылады.
Коалиция мүшесі Ермек Егінбаев Жаңа Конституция бастамасының негізгі бағыттарына жан-жақты тоқталды. Ол өз сөзінде әділетті қоғам қалыптастыру,...
Жетісуда электродабыл қосылады
Ертең, 25 ақпанда сағат 11:00-де Жетісу облысында халықты құлақтандыру жүйесін жоспарлы техникалық тексеру жүргізіледі. Тексеру аясында элекртр дабылы қосылады.
Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бұл іс-шара дабыл құрылғылары мен жүйесінің дайындығын тексеруге бағытталған. Шараны ұйымдастырушылар өңір тұрғындары мен қонақтарын алаңдамауға шақырады.
"Назар аударыңыз, бәріңізге!" дабылы іске қосылғанда әрекет ету тәртібі
Шынайы төтенше жағдай кезінде дабыл қосылғаннан кейін мынадай ережелерді ұстанған жөн:
Егер...
Сарбаздарға ата-аналарынан келген хаттар табысталды
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасы «Достық» шекара бөліміне қарасты бөлімшелердегі мерзімді әскери қызметшілерге ата-аналарынан келген хаттар табысталды.
Хаттарды оқу барысында сарбаздар ерекше толқып, туған-туыстарының жылы лебізі мен қолдауын сезінді. Бұл бастама әскери қызметшілердің рухын көтеріп, Отан алдындағы борышын адал атқаруға деген ынтасын арттырды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





























