Маңызды қадам

6

Жақында «AMANAT» партиясы Панфилов аудандық филиалында халыққа Ата Заң жобасын түсіндіру мен алдағы наурыз айында өтетін бүкілхалықтық референдумға белсенділікпен қатысуын қамтамасыз ету үшін үгіт-насихат
жұмыстарын белсенді атқаруда

Осыған орай жиын өтіп, «AMANAT» партиясы Панфилов аудандық филиалының төрағасы Ерлан Оспанбеков құрылымның мақсаттары мен міндеттерін түсіндірді.

Коалицияға аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясына мүше 16 депутат, қариялар мен белсенділер, мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері және аудандағы облыстық мәслихаттың төрт депутаты мүше болды. Жиында облыстық мәслихаттың депутаты Ризван Сәкиева, словян этномәдени орталығының төрайымы Наталия Коробова және аудандық мәслихаттың депутаты, Көктал-Арасан орта мектебінің директоры Нұрлан Тұрлыбеков сөз сөйлеп, жаңа Конституцияны халыққа түсіндірудегі өздері атқаратын жұмыстардың маңыздылығына тоқталды.

Аудандық коалиция мүшелері тұратын жерлерінің ыңғайына қарай 5 топқа бөлініп, топ жетекшілері сайланды. Бұл топтар аудандағы мекеме ұжымдары мен өңірдегі халық көп жиналатын жерде жаңа Ата Заң жобасын талдап, түсіндіріп, кездесуге қатысқандардың жаңа Конституция баптары бойынша қойған сұрақтарына жауап берді.

Мырзағали НҰРСЕЙІТ
Панфилов ауданы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз