Бүгін «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалициясының мүшелері Нұрбек Құдайберген, Ермек Егінбаев, Дәурен Оңалбаев түсіндіру жұмыстары аясында «Көркейту-Талдықорған» мекемесінің қызметкерлеріменкездеті.
Жиында коалиция мүшелері Конституциялық өзгерістердің негізгі бағыттары, алдағы референдумның маңызы және реформалардың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалы туралы ақпарат беріп, жан-жақты талқылады.
Коалиция мүшесі Ермек Егінбаев Жаңа Конституция бастамасының негізгі бағыттарына жан-жақты тоқталды. Ол өз сөзінде әділетті қоғам қалыптастыру, заң үстемдігін нығайту және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау – ел дамуының басты кепілі екенін атап өтті.
– Жаңа кезеңдегі реформалар – ел дамуының сапалы сатысы. Конституциялық өзгерістер қоғамдағы әділеттілікті нығайтып, әрбір азаматтың құқықтық қорғалуын қамтамасыз етеді. Заңдағы өзгерістер азаматтардың шешім қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтіп, халық үніне құлақ асатын мемлекет қағидатын нақтылай түседі. Негізгі басымдық – адам және оның құқықтары мен бостандықтары. Сондықтан жаңа редакциядағы Конституция әділетті қоғам қалыптастыруға, заң үстемдігін орнықтыруға және мемлекеттік институттардың ашықтығы мен есептілігін арттыруға бағытталуы тиіс, — деді спикер.
Нұрбек Құдайберген Жаңа жобаның саяси жаңғыру үдерісінің заңды жалғасы екенін айтып, Конституция жобасы ашық талқылаудан өткенін және қоғамнан түскен көптеген ұсыныстар ескерілгенін атап өтті. Сол арқылы құжаттың халықтық сипатқа ие екенін атап өтті. Сонымен қатар, тұрғындардың да цифрлық қауіпсіздігін таразылады.
– Цифрлық технологиялар дәуірінде азаматтардың құқықтарын қорғау жаңа мазмұнға ие болуда. Осыған байланысты жаңа Конституцияда цифрлық ортадағы құқықтарды қорғауға ерекше мән берілген. Жеке деректердің қорғалуы, онлайн-қызметтерге тең қолжетімділік, интернеттегі қауіпсіздік пен жеке өмірге қолсұғылмаушылық конституциялық деңгейде бекітіледі, — деді Нұрбек Құдайберген.
Кездесу барысында қатысушылар Конституцияның негізгі құндылықтары өздеріне жақын екенін жеткізді.





























