-6.1 C
Taldykorgan, KZ
Пятница, 19 декабря, 2025
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 439

Жастарды мемлекеттік қызметке қабылдаудың жаңа тәртібі

Енді жастарды мемлекеттік қызметке қабылдау тәртібі жеңілдейді. Міне, бұл, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сай мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістерде анық көрсетілген. Бұл туралы Jetysu media өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында  өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы Қобылан Манап айтып берді.  БАҚ өкілдері алдында өткен жылғы атқарылған істерді қорытындылаған  Қобылан Тоқбергенұлы мемлекеттік...

Тәртіп сақшыларының тарихы архивте сөйлейді

Баршаға белгілі, архив – тарихи шежіре қоймасы ғана емес, әрбір ұлт тарихының қазынасы.  Осы ретте сарғайған қағаздардың әрқайсысының айтары бар. Себебі, ғасыр мен жылдар өтсе-дағы тағылымды тарихымыз келер ұрпақпен бірге  жасай бермек. Облыс орталығы Талдықорған қаласында орналасқан Жетісу облысының мемлекеттік архиві көне тарихтан сыр шертеді. Біз осы  облыстық мемлекеттік архивінің бөлім басшысы   Кенже  Қанапиянованы әңгімеге тартып біраз сауалдар қойған...

Талдықорғанда 36 мыңнан астам адам жер кезегінде тұр

Талдықорған қаласының әкімі Әсет Масабаев Өтенай ауылының тұрғындарымен арнайы кездесу өткізді.  Нақтырақ айтсақ, Өтенай ауылы – Еңбек, Мойнақ, Пригородный, Ынтымақ, Жастар сынды бірнеше елдімекенді қамтиды. Жалпы халық саны 15 мыңнан асады.  Жиналған қауым алдында сөз алған шаһар басшысы алдымен осы күнге дейін ауыл-аймақтағы  атқарылған істерге кеңінен тоқталып, алда тұрған тың жоба-жоспарлармен бөлісті. Әсет Дүйсебекұлының айтуынша, аймақтағы халықтың білім, денсаулық, спорт,...

Жетісу облысында жастарға грант тағайындалмақ

2021 жылы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен жастардың жасампаз жобаларын жүзеге асыруға бағытталған  «Тәуелсіздік ұрпақтары» арнайы гранты тағайындалған болатын. Осыған орай, алдағы уақытта өңір  жастарына грант тағайындалмақ. Жобаның негізгі мақсаты дарынды   жастардың жаңа, батыл, серпінді ғылыми және шығармашылық бастамаларына қолдау көрсету. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар алаңында Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Елдар Сапаров баяндап...

Елдегі реформалар – ел игілігі үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт  Тоқаевтың реформалары халық игілігіне бағытталып отырғаны баршамызға аян. Қазақстан халқына арнаған жолдауында айтылған Үкіметке жүктелген тапсырмалары – бәрі де халық үніне құлақ асатын, елге қызмет көрсетуші мемлекет орнықтыру міндетінен туындап отыр. Мұның бәрі халықтың мемлекетке деген сенімін арттыру мақсатында жасалып жатқан қадам екені сөзсіз. Жалпы елдегі саяси, экономикалық реформалардың барлығы мемлекеттің дамуына, азаматтардың Конституциялық құқықтарын күшейтуге, адами...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс айту күнімен құттықтауы

Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мерекеде ұлтымыздың салт-санасында берік қалыптасқан достық, қайырымдылық және ынтымақ сынды мызғымас құндылықтар кеңінен дәріптеледі. Алғыс айту күні қиын-қыстау замандарда да мейірімділік пен жанашырлық таныта білген әрі бірлігін бекем еткен халқымыздың ізгі қасиеттерін жадымызда жаңғыртады. Бұрын-соңды болмаған жаһандық сын-қатерлер және еліміздегі ауқымды өзгерістер кезеңінде әрбір азаматтың ел болашағы үшін жауапкершілік танытуы және өзара қолдау...

Жетісу облысында «Көктем-2023» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өткізілуде

Көктемдегі кезеңдегі ТЖ жоюға Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің аумақтық кіші жүйесін дайындау, сондай-ақ су тасқыны қаупі жағдайында облыс тұрғындары мен аумақтарын қорғауды ұйымдастыру бойынша басқарушылық шешімдерді пысықтау мақсатында 2023 жылғы 2-3 наурыз аралығында «Көктем-2023» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өткізілуде. Оқу-жаттығуларға азаматтық қорғау органдарының бөлімшелері, жергілікті атқарушы органдар, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары қатысады. Оқу-жаттығу шеңберінде қызметтердің өзара іс-қимылы және халықты хабардар ету...

Алғысым шексіз барша халыққа!

Алғыс айту күні – ортақ тарихымызға көрсетілген құрметтің, бүкіл қазақстандықтардың өз шаңырағына айналған киелі қазақ жеріне деген ризашылықтың белгісі. Ынтымағы жарасқан халқымыз бір кездері тағдыр тәлкегіне ұшыраған түрлі этнос өкілдерін  өз туғанындай қабылдап, жеріміз миллиондаған адамның құтты мекеніне айналды. Бұл мереке  бүгінгі таңда құрмет пен сыйластық, мейірім мен ізгіліктің айшықты көрінісі. Евгений   Ефремов, Талдықорған қаласының тұрғыны: - Мен керемет көрікті де әсем  қала...

Көп балалы ана гүл өсіру кәсібіне кірісті

Талдықорған өңірінің топырағында ыстық құрлықтың төл өсімдігі саналатын гүлдер өсіріле бастады. Нақтырақ айтсақ, Көксу ауданында көп балалы аны отбасымен бірге перу лалагүлі атанған альстромерия өсіруді қолға алып, Талдықорған қаласын өз өнімдерімен қамтамасыз етуде. Бақ өсіруде тәжірибесі болмаса да, қазір үйінің іргесіндегі учаскедегі 4 сотық жерде сирек кездесетін оңтүстік гүлі альстромерияны жайқалтып өсіріп отыр. Бұл ерекше өсімдік жергілікті жердің климатына...

Есірткі сатумен айлысқандарға қандай жаза қарастырылған?

Бүгінде есірткі және улы заттардың заңсыз айналымы кең тараған қылмыстардың бірі. Елімізде соңғы жылдары есірткі заттарының заңсыз айналымында бұрын кездеспеген синтетикалық жаңа түрі пайда болды. Ол   психотроптық және елесті әрекеттерге ие, орталық нерв жүйесіне зақым келтіретін адам денсаулығы үшін аса қауіпті болып саналады. Ал, есірткі заттарын сатудың жаңа тәсілі еш байланыссыз болады. Сатушы мен тұтынушы жеке жүзбе- жүз кездеспейді. Тек...