Барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы

116

«Білім туралы» 2007 жылғы 27  шілдедегі  Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 2)-тармақшасына, 47-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

            1.Талдықорған қаласының жергілікті бюджетінің есебінен қаржыландырылатын,  меншікті нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен тегін жол жүру құқығы берілсін.

             2.Осы шешімнің орындалуын бақылау Талдықорған қаласының  әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына (келісім бойынша) жүктелсін.

             3.Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

     Қалалық  маслихаттың төрағасы                                Т. Ахажан

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз