Шекарашылар ардагермен кездесті

161

Шекарашыларда  аға буынның әскери ұжымдарға келіп, арнайы кездесулердің қонағы болып тұратын дәстүрі бар. Мұндай шараның тақырыптары да әртүрлі. Бірде мерекелерге арналса, бірде арнаулы күндерге бағытталады. Осындай бір тамаша салттың жалғасы ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасында  ұйымдастырылды.

Кезекті кездесудің қонағы «Застава тарландары» республикалық қоғамдық  бірлестігінің Жетісу облыстық филиалының төрағасы запастағы полковник НиколайМечетин.

Кеш барысында сөз алған ардагер шекара сақшыларымен өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісті:

  • Отанның шеткі нүктелерін қырағы күзетіп жүрген сақшыларға тұрғындар мол сенім артады. Біз сол сенімнен шығып қана қоймай, іс-әрекетімізбен өзгелерге үлгі де бола білуіміз керек. Себебі, шекарашылар көп жылдық тарихында темірдей тәртібімен бірге әдебті бұзбаған тәрбиеніңде биік шыңы бола білген.Сондықтан, әскери ұжымның қоғамдық мүддесін қалтқысыз сақтауды әрбірің өздеріңнен бастауларың тиіс. Ал қоғамдық ортада, қызметте қателікке жол беріп жатқан қаруластарыңды байқап қалсаңыздар, бірден тоқтатудың әрекетіне көшу керек. Бір-бірің үшін жанашырлық танытпасаңдар, әскери жолдастық көрсетпесеңдер, ойларыңыздың да бір арнаға тоғысуы қиын. Мұның барлығы өз басымнан өткен соң айтып отырмын. Біздің қызметте жүрген кездегі ұстанымымыз осындай болатын. Ұжымдық мүдденің басты құндылықтары өзгерген жоқ деп ойлаймын, — депзапастағы полковник НиколайМечетин сөзін аяқтады.

Сардарайтқан салиқылалы әңгіме қатысқан әр шекарашыға ой салды. Кештің тәрбиелік мәні зор болды. Саналы ғұмырын шекара шебіне арнаған ардагермен өткен тағылымды кездесу келешекте де жалғасын табары сөзсіз.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз