Балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету — басты міндет
Жақын арада жаңа оқу жылы басталады, бұл ретте балалардың жолдағы қауіпсіздігі - ең маңызды міндеттердің бірі. Жетісу облыстық Полиция департаменті ата-аналарды жол қозғалысы ережелеріне ерекше назар аударуға және бұл шараларды балаларға кеңінен түсіндіруге шақырады.
Бұл ретте балалар мынадай негізгі ережелерді қатаң сақтауы керек:
* Жолдан тек бағдаршамның жасыл көзі жанғанда немесе жаяу жүргіншілер өткелінен өту керек. Мұның маңызы неде екенін және белгіленбеген жерден өткенде қандай...
Қарттардың да өнерге бар таласы
Талдықорған қалалық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен «Қарттардың да өнерге бар таласы» атты қала ардагерлері арасында өткен қолөнер шеберлері байқауы қорытындыланып, жеңімпаздар анықталды.
Жиынға жиналған қауым ең әуелі байқау қатысушыларының қолынан шыққан бұйымдар көрмесін тамашалады. Талдықорған қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нариман Естібайұлы «Біз әрқашан «Үлкенге - құрмет, кішіге - ізет» деген аталы сөзді ұрпағының бойына сіңіріп өскен, қариясын қадірлеп, ардагерін ардақтаған...
Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтай кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы биылғы оқу жылында қайта жаңартылды
Бағдарлама рухани-адамгершілік, азаматтық жауапкершілік пен отаншылдық, әділеттілік пен адалдық қасиеттерін дамыту арқылы үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыруға бағытталған.
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ «ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА» ҚОРЫНЫҢ ҚОЛДАУЫМЕН СӘУЛЕМЕН ЕМДЕУГЕ АРНАЛҒАН ЖАБДЫҚТАРДЫ ЖАҢАРТУДА
ҚР денсаулық сақтау министрлігі Онкологиямен күрес бойынша 2023-2027 жылдарға арналған Кешенді жоспар шеңберінде ел өңірлерінде сәулемен емдеуге бағытталған жабдықтар паркін жаңартуда.
Атом энергиясы жөніндегі Халықаралық агенттік (АЭХА) ұсынымдарына сәйкес сәулемен емдеу онкологиялық аурулары бар науқастардың 60-70%-ын қамтуы керек. Қазақстанда бұл көрсеткіш 30,6%-ға тең. Өмірлік қажетті терапияға қолжетімділікті арттыру үшін "Қазақстан халқына" қайырымдылық қорымен бірге 16 заманауи желілік жеделдеткіш сатып алып,...
«Alempay» картасынан бірыңғай ONAY! картасына айырбастау тегін негізде жүргізіледі
1 қазанға дейін басқа оператордың карталарын «Бірыңғай» ONAY! картасына айырбастау тегін негізде жүргізіледі. Карталарды рәсімдеу үшін қандай құжаттар қажет, жол ақысын қалай төлеу, карталарды толтыру туралы ақпарат компанияның сайтында onay.kz және әлеуметтік желілерде @onay.kz сайтында жаңартылып отырады.
Барлық өңірлердегі «Бірыңғай» картасының құны 800 теңгені құрайды. Колледж студенттері мен оқушылар үшін «Оқушы» картасын, «7 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға арналған» картасын...
Талдықорғанда «ONAY!» электронды төлем жүйесі іске қосылды
Талдықорғанда “Оңай” деп аталатын төлем жүйесі барлық қоғамдық көліктерде іске қосылды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Талдықорған қаласының әкімінің орынбасары Жеңіс Саятбекұлы мәлімдеді.
«Оңай» жүйесінің енгізілуімен қаланың көлік инфрақұрылымында оң өзгеріс орын алмақ. Біріншіден, жүйе нақты жолаушылар ағынын көрсетеді. Осыған сүйене отырып, маршруттық желіні оңтайландыруға, автобустардың дұрыс жүру кестесін құруға, қаладағы қоғамдық көліктің жылжымалы құрамын біртіндеп жаңартуға...
Тұрғындардың 60%-ы референдумға қатысуға ниетті
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының тапсырысы бойынша 2024 жылғы 7-18 тамыз аралығында телефон арқылы сауалнама жүргізілді. Іріктемелі жиынтық көлемі 1200 респондентті құрады. Сауалнамаға 17 облыстан және республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 18 жастан асқан респонденттер қатысты.
Жалпы, сауалнамаға қатысқандардың көпшілігі (53,1%) АЭС салу идеясын қолдайды. АЭС салу идеясын қолдайтындар оған үлкен үміт артады, соның...
Пара спортшылар Парижге аттанды
XVII жазғы Паралимпиадаға қатысатын спортшыларымыздың алғашқы легі Парижге аттанды.
Бүгін волейболды отырып ойнау, пара үстел теннисі және пара жүзу құрамаларының спортшылары Францияға жол тартты.
«Париж Паралимпиадасына волейболды отырып ойнаудан ұлттық құрама 28 жылдан кейін алғаш рет қатыспақ. Ал пара үстел теннисінен Қазақстан құрамасы биыл алғаш рет Паралимпиада жолдамасын жеңіп алды.
Пара жүзу спортшылары арасында Лондон-2012 Паралимпиада чемпионы Зүлфия Ғабидуллина, Токио Паралимпиадасының қола жүлдегері...
Жаңа оқу жылына дайындық
Білім беру ұйымдарында оқушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 316 мектеп, 91 мемлекеттік балабақша және 21 колледж 100% бейнебақылау камераларымен қамтамасыз етілген. Бүгінгі таңда мемлекеттік білім беру ұйымдарының бейнебақылау камералары жедел басқару орталығына тіркелген. Облыс бойынша барлық білім беру ұйымдарында «Дабыл түймелері» орнатылып, жергілікті полиция басқармаларының кезекші бөліміне қосылды. Осы және өзге де жаңалықтар легімен баспасөз мәслихатында облыстық білім бөлімінің...
«Tomiris» — көшбасшылық дағдыны дамыту
«Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» ММ, «Jetisu jastary» КММ ұйымдастыруымен Жетісу облысының көшбасшы әйелдерін оқыту бойынша «Tomiris» жобасы өтті. Жобаның басты мақсаты - әйелдердің облыстық саяси өмірге белсенді қатысу мүмкіндіктерін кеңейту үшін көшбасшылық дағдыларды үйрету арқылы әйел азаматтарының әлеуетін арттыру, саяси, әлеуметтік-экономикалық өмірге белсенді тарту мүмкіндігін кеңейту.
Жоба аясында облысымыздың белсенді 50 азаматшасының қатысуымен олардың көшбасшылық әлеуетін арттыруға арналған 5...





























