«Tomiris» — көшбасшылық дағдыны дамыту

141

«Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» ММ, «Jetisu jastary» КММ ұйымдастыруымен Жетісу облысының көшбасшы әйелдерін оқыту бойынша «Tomiris» жобасы өтті. Жобаның басты мақсаты — әйелдердің облыстық саяси өмірге белсенді қатысу мүмкіндіктерін кеңейту үшін көшбасшылық дағдыларды үйрету арқылы әйел азаматтарының әлеуетін арттыру, саяси, әлеуметтік-экономикалық өмірге белсенді тарту мүмкіндігін кеңейту.

Жоба аясында облысымыздың белсенді 50 азаматшасының қатысуымен олардың көшбасшылық әлеуетін арттыруға арналған 5 түрлі бағытты қамтитын, 3 күндік оқыту курсы өтті. Спикерлер қатарында Жетісу облысының мәслихат төрағасы Гүлнар Тойлыбаева, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің бас сарапшысы Гүлзия Алшынова, Жетісу облысы әдістемелік орталығының әдіскері, психолог Талшын Жанабекова, облыстық мәслихат депутаты, «Алматинские краски» ЖШС директорының орынбасары Римма Салыкова, шешендік өнер мен көшбасшылық бағыт бойынша коуч-тренер Ержан Дәулетбаев болды. Жобада өз әлеуетін, өмірлік маңызды дағдылары мен көшбасшылық қасиеттерін дамытуға, бастамашыл идеялар мен жобаларды іске асыруға мүдделі 18 жастан 35 жасқа дейінгі әйел азаматтары шақырылды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз