«Alempay» картасынан бірыңғай ONAY! картасына айырбастау тегін негізде жүргізіледі

91

1 қазанға дейін басқа оператордың карталарын «Бірыңғай» ONAY! картасына айырбастау тегін негізде жүргізіледі. Карталарды рәсімдеу үшін қандай құжаттар қажет, жол ақысын қалай төлеу, карталарды толтыру туралы ақпарат компанияның сайтында onay.kz және әлеуметтік желілерде @onay.kz сайтында жаңартылып отырады.

Барлық өңірлердегі «Бірыңғай» картасының құны 800 теңгені құрайды. Колледж студенттері мен оқушылар үшін «Оқушы» картасын, «7 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға арналған» картасын бастапқы шығару құны 800 теңгені құрайды. «Әлеуметтік карта» — 500 теңге; «Республикалық жеңілдік» картасы — тегін.

Айта кетейік, Талдықорған қаласындағы «Оқушы» картасы 1 қазанға дейін электрондық билеттеу жүйесін іске қосу аясында тегін негізде шығарылады.

Көлік карталарын ONAY! мобильді қосымшасы арқылы толтыруға болады. Жеңілдікті карта түрлерін алу үшін тұлғаларды тіркеу оқу орындарында, аудандық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінде, сондай-ақ ONAY! қызмет көрсету орталықтарында жүзеге асырылады!

Талдықорған қаласында «Бірыңғай» картасын ONAY! қызмет көрсету орталығынан (мекенжайы — Бірлік 2а), сондай-ақ «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде сатып алуға болады. Жеңілдікті карталарды Н.Назарбаев 35а мекенжайы бойынша Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру бөлімінде рәсімдеуге өтініш беруге болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз