Алматыда студенттермен әскери қызметке шақыру бойынша кездесу өтті

3

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті студенттерімен әскери қызметке шақыруға арналған кездесу өткізді.

Кездесу барысында студенттерге шекара қызметіндегі әскери мамандықтардың ерекшеліктері, қызмет өткеру шарттары мен әлеуметтік кепілдіктер туралы кеңінен ақпарат берілді. Сондай-ақ жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін әскери қызметке орналасу мүмкіндіктері түсіндірілді.

Іс-шара жастар арасында әскери қызметтің беделін арттыруға және ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіне жауапты мамандар қатарын толықтыруға бағытталды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз