Жақын арада жаңа оқу жылы басталады, бұл ретте балалардың жолдағы қауіпсіздігі — ең маңызды міндеттердің бірі. Жетісу облыстық Полиция департаменті ата-аналарды жол қозғалысы ережелеріне ерекше назар аударуға және бұл шараларды балаларға кеңінен түсіндіруге шақырады.
Бұл ретте балалар мынадай негізгі ережелерді қатаң сақтауы керек:
* Жолдан тек бағдаршамның жасыл көзі жанғанда немесе жаяу жүргіншілер өткелінен өту керек. Мұның маңызы неде екенін және белгіленбеген жерден өткенде қандай қауіптерге тап болуы мүмкін екенін түсіндіріңіз.
* Балаңызға жолға жақын және жол бойында ойнауға тыйым салыңыз. Жол ойнауға емес, автомобильдерге арналған орын екенін түсіндіріңіз.
* Балаңызды үйден мектепке дейін және кері қарай жүретін жолдың қауіпсіз маршрутына дағдыландырыңыз. Оған жолды кесіп өтетін ең қауіпсіз жерді және көлікті күтуге қолайлы жерді көрсетіңіз.
* Қараңғы түскен мезгілде балаға шағылыстыратын элементтері бар киім кигізіңіз. Бұл жүргізушілердің жаяу жүргіншіні алыстан көруіне және қауіпті жағдайлардан сақтануға көмектеседі.
* Балаңызға үлгі болыңыз. Жол ережесін өзіңіз сақтаңыз, сонда бала сізден үлгі алады.
Есіңізде болсын: сіздің қырағылығыңыз бен қамқорлығыңыз — балаларыңыздың қауіпсіздігінің кепілі!
Жетісу облысының Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша