-3.5 C
Taldykorgan, KZ
Суббота, 20 декабря, 2025
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 39

Мемлекет басшысы Финляндия Президенті Александр Стуббпен келіссөз жүргізді

Мемлекет басшысы Қазақстанға бірінші рет ресми сапармен келген Финляндия Президенті Александр Стуббқа сый-құрмет көрсетті.   Жоғары деңгейдегі келіссөздерге дейін Ақорда резиденциясында Финляндия Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Протокол тәртібіне сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Стубб бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді. Екі елдің әнұрандары орындалғаннан кейін президенттер шағын құрамда кездесу өткізді.   – Сіздің сапарыңыз –...

Көксу ауданында жаңа форматта Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды

Жетісу облысының Көксу ауданында халыққа қызмет көрсету орталықтарын жаңғырту аясында, кеңсе заманауи цифрлық жүйе форматында аудан тұрғындарына есігін қайта ашты. Мұнда 1300-ге жуық мемлекеттік қызмет көрсетіледі, деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының облыс бойынша филиалы. Цифрлық кеңселердің әдеттегі халыққа қызмет көрсету орталықтарынан басты айырмашылығы – соңғы үлгідегі құрал-жабдықтарымен қамтамасыз ету мен қызмет көрсетудің заманауи көзқарасын қалыптастыру. «Халыққа қызмет көрсету...

«Халық заңгері»: 31 қазанда қазақстандықтар тегін құқықтық кеңес ала алады

2025 жылдың 31 қазанында еліміздің барлық қалаларында және ірі елді мекендерінде "Халық заңгері" атты республикалық акция өтеді. Бұл күні кез келген азамат мамандардан кәсіби және тегін құқықтық кеңес ала алады, деп хабарлайды Zakon.kz. Азаматтардың сұрақтарына танымал адвокаттар, заң кеңесшілері, нотариустар, прокурорлар, полицейлер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың басшылары және басқа да сарапшылар жауап береді. Өз мәселесінің шешілу ықтималдығын арттыру үшін ұйымдастырушылар азаматтарға...

Шекарашылар Республика күнін тауда атап өтті

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің жеке құрамы Республика күні мерекесіне орай тауға шығып, табиғат аясында демалды. Салауатты өмір салтын қолдауға шықырды, ұжым бірлігін арттырды. Бұл шара шекарашылардың рухын көтеріп, олардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті одан сайын арттыра түсті. ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

Шекарашылар Республика күнін спорттық серпінмен атап өтті

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты радиотехникалық бақылау пунктінде Республика күнін мерекелеу аясында он шақырымдық кросс ұйымдастырылды. Шараның мақсаты - әскери қызметшілер арасында жолдастық ынтымақтастықты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау болды. ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

Батыр Әлияның ерлігі — өскелең ұрпаққа үлгі

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының «Қорғас» шекара бөлімшесінде Қорғас орта мектебінің оқушыларымен бірге Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойына арналған іс-шара өтті. Шара барысында қаһарман қыздың Отан үшін жанын пида еткен ерлігі мен қайсарлығы туралы тағылымды әңгімелер айтылып, өскелең жас буынға патриоттық тәрбие беріліп, елге деген сүйіспеншілік сезімі нығайтылды. ҚР...

Болашақ шекарашылар Әлия Молдағұлова ерлігімен танысты

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының «Басқұншы» шекара бөлімшесінде Б.Момышұлы атындағы орта мектеп-гимназиясының оқушылары батыр Ә.Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойына орай бір күндік танымдық сапар жасады. Сапар барысында оқушылар шекарашылардың жауынгерлік қызметімен және бөлімшенің материалдық-техникалық жабдықталуымен танысты. Ә.Молдағұлованың қаһармандық өмір жолы, елге деген адалдығы мен қайсарлығы туралы тағылымды әңгімелер айтылып, жас буынның бойында патриоттық...

Шекарашылар мен ауыл тұрғындары Республика күнін бірге атап өтті

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының Сарқан шекара бөлімінің Екіаша және Басқан шекара бөлімшелерінің жеке құрамы Екіаша ауылдық округі әкімдігімен бірлесіп 25 қазан – Республика күніне орай мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Шараға Екіаша ауылдық округінің әкімі, ауыл тұрғындары және шекара бөлімшелерінің әскери қызметшілері қатысты. Мерекелік басқосу елдік мейрамның маңызын айқындап, әскери қызметшілер...

Шекара қызметін таныстыру — жас ұрпаққа бағыт

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты "Қорғас" шекаралық бақылау басқармасы "Алтынкөл" (теміржолдық) шекаралық бақылау бөлімінде Пиджим орта мектебінің "Шекарашылардың жас достары" үйірмесінің мүшелері үшін "Ашық есік күні" ұйымдастырылды. Оқушылар шекарашылардың қызметімен танысып, әскери-техникалық жабдықтарды көріп, жауынгерлік даярлыққа арналған оқу-жаттығу бөлмелерін аралады. Шара жасөспірімдердің Отан қорғау ісіне деген қызығушылығын арттыруға бағытталды. ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

Батыр қыз рухына тағзым

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты "Қорғас" шекаралық бақылау басқармасында қазақтың батыр қызы, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған іс-шара өтті. Шара барысында ержүрек батырдың өмірі мен ерлігі туралы деректер айтылып, шекарашылар батырыдың Отан алдындағы борышты адал атқарған қызметін үлгі тұтты. ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті