📌«Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалициясы мүшелері және белсенді жастармен бірге 15 наурыз күні өтетін жалпыхалықтық референдум қарсаңында Талдықорған қаласында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізуде.
📎Акция барысында өңірлік коалиция мүшесі Қуаныш Сайлаубай және белсенді жастар Талдықорған қаласының бірнеше шағынауданын аралап, көпқабатты үйлер мен жеке сектордағы тұрғындармен Конституцияға ұсынылып отырған өзгерістердің мазмұнын түсіндіріп, арнайы дайындалған парақшаларды таратып, референдумның мән-маңызын түсіндірді.
🖇️Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бастама референдумға деген қызығушылықты арттырып, азаматтардың саналы шешім қабылдауына оң ықпал етеді. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары референдум күніне дейін жалғасады.
#референдум2026
#ЖаңаКонституцияҮшін
#ЗАновуюКонституцию
#АтаЗаң
#АтаЗаңдыҚолда





























