Аса маңызды қадам

4

Жаңа Конституция жобасында адам құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттің басты басымдығы ретінде айқындау қоғамның орнықты әрі үйлесімді дамуы үшін аса маңызды әрі стратегиялық қадам болып табылады. Бұл қағида мемлекеттің бүкіл қызметі мен саясатының өзегіне адамды, оның қадір-қасиетін, құқықтары мен заңды мүдделерін қоюды көздейді. Конституция жобасында азаматтардың жеке, саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени құқықтарын қорғау кепілдіктері айтарлықтай күшейтілген.

Атап айтқанда, әр адамның өмір сүру құқығы, ар-намыс пен қадір-қасиетті қорғау, сөз және ар-ождан бостандығы, еңбек ету, білім алу және әлеуметтік қамсыздандыру құқықтары нақты әрі айқын тұжырымдалған. Сонымен бірге, мемлекеттік органдардың азаматтар алдындағы жауапкершілігі күшейтіліп, құқық бұзылған жағдайда тиімді қорғану тетіктері қарастырылған. Сондай-ақ, құжатта отбасы институтын қорғау, дәстүрлі отбасылық құндылықтарды сақтау, әйелдер мен балалардың құқықтарын жан-жақты қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылған. Ана мен баланы қорғау, балалардың қауіпсіз әрі қолайлы ортада өмір сүруі мен дамуына жағдай жасау мемлекеттің маңызды әлеуметтік міндеттерінің бірі ретінде айқындалған. Бұл нормалардың нақты әрі түсінікті болуы азаматтардың құқықтық санасын арттырып, олардың өз құқықтарын қорғау мүмкіндіктерін кеңейтеді. Жалпы алғанда, жаңа Конституция жобасы адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауды мемлекеттік саясаттың негізгі өзегіне айналдырып, зайырлы мемлекетті одан әрі нығайтуға берік негіз қалайды.

Ақмарал Ардаққызы, қала тұрғыны

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз