18.1 C
Taldykorgan, KZ
Воскресенье, 10 мая, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 384

Еліміздің өнеркәсіп әлеуетін толық пайдалану үшін жан-жақты шаралар қабылдау қажет

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауы егемен еліміздің тұрақты дамуын қамтитын, мемлекетіміздің барлық саласына серпін беретін, халқымыздың игілігін көздейтін шынайы іс – жоспарға құрылған тарихи құжат деп білемін. Алдағы орта мерзімдік жұмыстың бағыт-бағдары айқындалып,  нақты тапсырмалар беріліп, жаңа міндеттер жүктелген болатын. Ең әуелі Президент  халқымыздың  қазір мүлде...

Әскери-патриоттық тәрбие жолындағы жаңа қадам

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті мен Қазақстан Жазушылар одағы арасында маңызды ынтымақтастық Меморандумына қол қойылды. Бұл құжаттың мақсаты – шекарашы сарбаздарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге, олардың рухани-адамгершілік құндылықтарын арттыруға, сондай-ақ әдебиет пен мәдениет арқылы жастарды Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімге тәрбиелеу. Меморандумға ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің бастығының міндетін уақытша атқарушы, полковник Фархад Темешұлы Жалмағамбетов...

«Жас Ұрпақ» ҚБ төрт әлеуметтік жобаны жүзеге асырды

Жетісу облысы қоғамдық даму басқармасының тапсырысы негізінде «Жас Ұрпақ» жастар қоғамдық бірлестігі бірнеше жобаны биыл қолға алып, оны сәтті аяқтады. Өз жұмыстары  турасында  өңірлік коммуникациялық қызмет орталығында өткен жиын барысында   аталмыш қоғамдық бірлестіктің төрайымы Бақыт Қалиева мен үйлестіруші Дархан Асханбаев баяндады.  Бірінші жоба  «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға көмек көрсету» басым бағытында  «QOLDAU» бейімдеу орталығымен әлеуметтік  жобаны ағымдағы...

Халал өнім : Жетісу өңірінің кәсіпорындары тексерілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау мекемесінің директоры Айбек Асқарбекұлы Жетісу облысына арнайы іссапармен келді. Жетісу облысының бас имамы Керімбек Сәрсембайұлымен бірге жергілікті кәсіпкерлер, мешіт имамдары мен дін қызметкерлері, әйел жамағатына «Халал – шариғат талабы» тақырыбында оқу-семинар өткізіп, кәсіпкерлерді халал индустриясын дамытуға, бірлесе қызмет етуге шақырды. Семинар аясында, Sunfood» кондитерлік...

Талдықорғанда улы газды анықтайтын датчиктер орнату жұмыстары аяқталды

Талдықорғанда әлеуметтік осал топтарға жататын отбасылардың үйлеріне улы газды анықтайтын датчиктер орнату жұмыстары толық аяқталды. Бұл жөнінде қалалық төтенше жағдайлар басқармасы мәлім етті. Жалпы облыс орталығы Талдықорған қаласында әлеуметтік әлжуаз санатындағы 1636 отбасы болса, бүгінде соның 400-не аталған құрылғылар қойылды. Датчиктер орнату жұмыстары қала әкімдігі мен Төтенше жағдайлар басқармасының және осы іске жауапты мердігер компания өкілдері бірлесіп қолға алған. «Мұндай...

Талдықорғанда жер сілкінісі тіркелді

ҚР ТЖМ “СБЗҰҒО” ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 25 қарашада Астана уақыты бойынша 23 сағат 42 минут 15 секундта жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің координаттары: 44.280° с.е., 79.740° ш.б. Жер сілкінісі ошағы: Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 257 км жерде орналасқан. Есептік қарқындылығы (балл): • Алматы қаласы – 2 балл, • Жаркент қаласы – 4 балл, • Шонжы ауылы – 3 балл, • Текелі қаласы –...

Талдықорғанда жетісулық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді

Талдықорған қаласы әкімдігінің бастамасымен және Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасының қолдауымен 2024 жылдың 30 қараша күні Талдықорған қаласында облыстық тауар өндірушілерінің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өтетіндігін хабарлаймыз.  Өтетін орны және сағаты: Талдықорған қаласы, Желтоқсан көшесі, 17, «Әлеуметтік базар» («Арман» зауыты маңында), сағат 8.00-де басталады.

Мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қалпына келтіру

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі – Департамент) жұмысындағы негізгі ұстанымдары мемлекеттік қызмет сапасын арттыру және азаматтардың құқықтарын қорғау үшін жүйелі шараларды жүзеге асыру болып табылады. Осы ретте, ағымдағы жылы Департаментпен мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қалпына келтіру мақсатында байқау жұмыстары жүргізілуде. Байқау жұмыстарының аясында Департаментпен 69 азаматтардың құқықтары қалпына келтірілді. Департаметтің барлық бастамалары мемлекеттік қызметтердің ашықтығын...

«Отбасы банк» даму институтына айналады

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды. Ақорда дерегіне сәйкес заң азаматтардың, қандастардың тұрғын үй жағдайларын жақсартуға қатысты мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіруге бағытталған. “Түзетулердің бірінші блогы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Отбасы банкінің негізінде тұрғын үй кезегіне қоюды, есепке алуды және бөлуді бір орталықтан жүзеге асыратын кешенді даму...

Талдықорғанда заңсыз сауданы жою жұмыстары күшейтілуде

Талдықорған қаласының орталық бөлігінде орналасқан заңсыз сауданы жою бойынша жұмыстар жоспарлы түрде атқарылуда,-деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі. Сала мамандарының сөзінше, қалалық полиция өкілдері мен әкімдік қызметкерлері бірлесіп, рейдттік шараларды тұрақты түрде апта сайын жүргізуде. Кезекті рейдтік шара 21 қараша күні өтіп, белгіленбеген орындарда сауда жасауға тиым салынып, заң аясында шаралар қолданылуда. «Бүгінде орталықта жайғасқан заңсыз сауда мәселесі көп жылдан бері...