Талдықорғанда заңсыз сауданы жою жұмыстар күшейтілуде

5
дереккөз
Талдықорған қаласының орталық бөлігінде орналасқан заңсыз сауданы жою бойынша жұмыстар жоспарлы түрде атқарылуда,-деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.
Сала мамандарының сөзінше, қалалық полиция өкілдері мен әкімдік қызметкерлері бірлесіп, рейдттік шараларды тұрақты түрде апта сайын жүргізуде. Кезекті рейдтік шара 21 қараша күні өтіп, белгіленбеген орындарда сауда жасауға тиым салынып, заң аясында шаралар қолданылуда.
«Бүгінде орталықта жайғасқан заңсыз сауда мәселесі көп жылдан бері өзекті болып келеді. Әрине бұл жабайы сауда орындарын бірден жойып жіберу қиын, соған қарамастан бүгінде кезең-кезеңімен атқарылған жұмыстар өз нәтижесін беріп жатыр. Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып, заңның аясында тиісті шаралар жасалынатын болады», — дейді қалалық полиция басқармасының өкілдері.
Айта кетейік, жыл басынан бері заңсыз сауда жасайтын тұлғаларға қатысты 1091 хаттама толтырылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз