-1.1 C
Taldykorgan, KZ
Суббота, 20 декабря, 2025
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 38

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барды

Президент өңірдегі бірқатар өндіріс орындарын, инфрақұрылым және әлеуметтік нысандарды аралап көрді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қызылорда облысына сапары «Қорқыт ата» халықаралық әуежайының жаңа терминалымен танысудан басталды 🟦Президентке әуежай қызметі, ішкі және халықаралық әуе рейстеріне қызмет көрсету процесі жөнінде баяндалды. 🟦Мемлекет басшысына жолаушыларды тіркеу және тексеру аймақтары, шекаралық-кедендік бақылау пункттері, күту залы, сондай-ақ автоматтандырылған жүк беру жүйесі көрсетілді. 🟦Жаңа терминал былтыр қараша айында ашылған....

31 қазан күні Қазақстанның барлық ірі қалаларында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы басталады

Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация ала алады. Олардың арасында белгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың басшылары және басқалары бар. Акция ҚР Үкіметінің қолдауымен өткізіледі. Ұйымдастырушылар - ҚР Бас прокуратурасы, ҚР Әділет министрлігі, Zakon.kz интернет басылымы, PRG ақпараттық жүйесі...

Мәжіліс тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен жалпы отырыс өтті. Онда депутаттар  тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Тарихи-мәдени мұраны қорғауға қатысты заңнамалық түзетулер жөнінде Мәжілістегі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов баяндады. Құжат Мемлекет басшысының Ұлттық Құрылтай отырысында берген археологиялық қызметті ретке келтіру жөніндегі тапсырмасын іске асыру үшін депутаттардың бастамасымен әзірленген. Комитет төрағасы саладағы негізгі проблемалар мен...

Талдықорғанда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Талдықорған қаласында Жетісу облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді. Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасының бастауымен 2025 жылдың 1 қарашада Талдықорған қаласында облыс тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілетіндігін хабарлайды. 📍 Өтетін орны және сағаты: Талдықорған қаласы, Желтоқсан көшесі, 19/5, Әлеуметтік базар, сағат 8.00-ден бастап. Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасы

«Жолданбаған хаттар»: Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған деректі фильмнің түсірілімі аяқталды

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ел бірлігі мен татулық құндылықтарын насихаттауға бағытталған «Жолданбаған хаттар» атты деректі фильмнің түсірілім жұмыстары өз мәресіне жетті. Фильмді «Inspire Creative Group» шығармашылық тобы түсірді. Деректі туындының негізгі идеясы – бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық үлгісін көрерменге көркем әрі шынайы түрде жеткізу. «Жолданбаған хаттар» фильмі әр кезеңдегі тағдырлы оқиғалар мен адам тағдырларын біріктіре отырып, елдегі этносаралық...

ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ ПОШТАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРІ НАРЫҒЫНДАҒЫ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІҢ ЖАЙ-КҮЙІНЕ ТАЛДАУ АЯҚТАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті 2024 жылдан 2025 жылғы 30 маусымға дейінгі кезеңде Талдықорған қаласының географиялық шекараларында пошта байланысы бандерольдер мен сәлемдемелер қызметтерін көрсету нарығындағы бәсекелестік ортаның жай-күйіне жоспарлы талдауды аяқтады. Талдаудың мақсаты – бәсекелестіктің даму деңгейін анықтау, үстем немесе монополиялық жағдайға ие шаруашылық жүргізуші субъектілерді анықтау, сондай-ақ үстем жағдайды теріс пайдалануды қоса алғанда,...

Экономиканың 6,3%-ға өсуі: Президент тапсырмасы бойынша бизнесті қолдау және инвестиция тарту шаралары жүзеге асырылуда

Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауындағы тапсырмалары аясында тұрақты өсімді қамтамасыз етуге, кәсіпкерлікті қолдауға, сондай-ақ инвестициялық тартымдылықты арттыруға бағытталған экономиканы дамыту жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асыруда. 2025 жылдың тоғыз айында ел экономикасының өсуі 6,3%-ды құрады. Бүгінде көлік, құрылыс, сауда және өнеркәсіп салалары экономиканың қозғаушы күшіне айналып отыр.   Макроэкономика және қаржылық тұрақтылық Биылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша ел экономикасының өсуі 6,3%-ға жетті,...

Жетісуда «Сарыөзек-Көктал» автожолының жөндеу жұмыстары аяқталды

Жетісу облысында жалпы ұзындығы 178 шақырым болатын «Сарыөзек-Көктал» автожолының жөндеу жұмыстары аяқталды. Құрылыс жұмыстары 2022 жылы басталып, бірнеше кезеңмен атқарылған болатын. Енді республикалық жол барлық талаптарға сай жасалды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Аудан тұрғындары жөнделген жолдың сапасына ризашылығын білдіруде. Сонымен қатар ауылдық елді мекендердің қиылыстарында жарықтандыру шамдары орнатылып, жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер жаңартылды. Көліктердің...

Судың ақысы жаңа әдістеме бойынша өспейді

2025 жылғы 1 қарашадан бастап сумен жабдықтау және су бұру қызметтерінің көлемін есептеу бойынша жаңа әдістеме күшіне енеді. Кейбір БАҚ өкілдері жаңа есептеу тәртібі енгізілгеннен кейін қазақстандықтар көршілерінің есебінен суды қымбатырақ төлейді деп хабарлаған еді. Алайда Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарып, алаңдауға негіз жоқ екенін мәлімдеді. Қабылданған әдістеме жаңа төлем түрлерін енгізбейді және су үшін төлем мөлшерін арттырмайды. Министрліктің...

«Таза Қазақстан», «Адал Азамат», «Заң мен Тәртіп»: Жетісуда тақырыптық муралдар салынды

Жетісу облысында Республика күніне орай бір күнде тақырыптық үш мурал бір уақытта ашылды. Жоба Президенттің «Әділетті Қазақстан» идеологиялық бағдарламасы аясында өңір жастарының бастамасымен жүзеге асырылып, азаматтық жауапкершілікті, экологиялық мәдениетті және қоғамдағы әділдік қағидаттарын нығайтуға бағытталды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.  «Таза Қазақстан»,  «Адал Азамат», «Заң мен Тәртіп» қағидаларының негізгі принциптерін насихаттау мақсатында салынған бұл муралдар Сарқан...