ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасында тәжірибеден өтіп жатқан ҚР ҰҚК Шекара академиясының курсанттары Алмалы ауылының Елтінді батыр атындағы орта мектебі және Атамекен ауылының Розыбакиев атындағы мектебінің оқушыларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында шекара қызметінің имиджін арттыру және Шекара академиясына оқуға түсу тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оқушыларға әскери мамандықтың артықшылықтары таныстырылып, сұрақтарына жауап берілді.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





























