Бірлігіміз жарасқан
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында ағымдағы жылдың 18 желтоқсан күні Достық үйі ғимаратында "Бірлігіміз жарасқан" атты іс-шара өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы этномәдени бірлестіктер өкілдері қоғамдық келісім және тұрақтылықты сақтаудағы жоғары еңбегі үшін Талдықорған қаласының әкімі Е.Бәзілдің Алғыс хаттарымен марапатталды. Аталған шара достық, татулық және өзара түсіністік рухында өтті, ал қатысушылар алдағы уақытта да бірлесіп жұмыс жасауға дайын екендерін жеткізді.
Оқушылардың демалысы: қысқы каникул қанша күн?
2024-2025 оқу жылында оқушылар қалай демалады деген сауал әр ата-ананың көкейіндегі сұрақ.
«Ашық» НҚА порталында жарияланған құжатқа сәйкес жаңа оқу жылы 2024 жылдың 1 қыркүйегі мен 2025 жылдың 25 мамыр аралығын қамтиды.
Бірінші тоқсан сегіз оқу аптасына созылады. Күзгі каникул 28 қазан - 3 қарашаға дейін жеті күн болады.
Екінші тоқсан – сегіз оқу аптасын құрайды. Қысқы демалыс 2024 жылдың 30 желтоқсанынан 2025...
Жетісу облысы тауар өндірушілерінің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі
Талдықорған қаласында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жәрмеңкесіне қатысушылар:
2 қала (Талдықорған, Текелі қалалары)
Жетісу облысының 8 ауданы.
Ассортиментте өнімнің 18 атауы ұсынылған (ет-сүт, шұжық, балық өнімдері, қант, ұн, жарма, өсімдік және жануар майлары, жеміс-көкөніс, жеміс-жидектер, бал, ұлттық сусындар және т.б.).
Жоспарланған:
Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі – 90 тонна, оның ішінде: ет өнімдері, балықөнімдері, сүтөнімдері, картоп, көкөніс өнімдері, жемістер, жидектер және т.б.
Жетісуда әлеуметтік объектілерді жаңарту деңгейі 50%-ға жетті
Жетісу облысы құрылғаннан бері жөндеу мен жаңа құрылыс жүргізудің арқасында объектілерді жаңарту 50%-ға жетті. Мысалы, білім беру саласында 5310 орынды 15 жаңа мектеп пайдалануға беріліп, 19 нысан күрделі жөндеуден өтті. Ал денсаулық сақтау саласында 98 нысан іске қосылды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев айтты, - деп хабарлайды...
Талдықорғанда мереке күндері сақтық шаралары күшейтіледі
Талдықорған қаласы әкімдігінің мәжіліс залында қала әкімінің орынбасары Қуаныш Сейтимбетовтың төрағалығымен мереке күндері қала аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссияның отырысы өтті.
Отырысқа комиссия мүшелері қатысып, маңызды бірқатар мәселелер талқыланды.
Жиында қала әкімінің орынбасары жалпы жаңа жылдық мерекелер кезінде мәдени-көпшілік іс-шараларды қауіпсіз өткізу, коммуналдық және басқа да маңызды объектілерде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастыру, сондай-ақ қаладағы авариялық-құтқару қызметінің...
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу
Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.
Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Өмір көрсеткендей, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу,...
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жүйені жетілдіру
ТЖМ жұмысындағы маңызды бағыттардың бірі – төтенше жағдайлардың алдын алу жүйесін дамыту. 2024 жылы су айдындарындағы жағдайды анықтау және бақылау мақсатында геоақпараттық жүйелер мен ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдана отырып, мониторинг жүйесін жаңғырту жұмыстары жалғастырылды. Сонымен қатар ТЖМ мен ІІМ ведомстволық желілерін біріктіретін республикалық жедел цифрлық радиобайланыс жүйесі енгізілді. Бұл төтенше жағдайларға жедел және тиімді әрекет ету үшін үйлесімділік деңгейін...
Бала тәрбиесі бәрінен маңызды
Балаларға көрсетілетін зорлық-зомбылықтың барлық түрлерінің алдын алу және жою мақсаттарына жету үшін бірқатар стратегияларды іске асыру маңызды. Елімізде "Тұрмыстық зорлық -зомбылықтың алдын алу, әйелдер мен балалар құқығын қорғау туралы" Заң күшіне енді. Заң талабы бойынша жаза күшейтілді. Алдын алу деңгейінде балаларға кез-келген түрде, соның ішінде дене жазалауы түрінде зорлық-зомбылық көрсетуге тыйым салатын заңнама қажет еді. Ата-ана балаларға дұрыс тәрбие...
Жыл қорытындысы: құқық бұзушылыққа қарсы күресті күшейту, әйелдер мен балалар құқығын қорғау, ТЖ алдын алу және жою бойынша кешенді шаралар қабылдау
Primeminister.kz сайтының редакциясы еліміздің 2024 жылғы даму қорытындылары туралы жарияланымдар сериясын жалғастырады. Өткен жылы Қазақстанның ішкі істер органдары тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, әйелдер мен балаларды қорғау, жасөспірімдер арасындағы қылмыспен күрес және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету сияқты бірқатар негізгі бағыт бойынша жұмысын едәуір күшейтті.
ІІМ мен ТЖ жүйесін реформалау шеңберінде нормативтік құжаттарда және заңнамадағы өзгерістерде көрсетілген жұмыстың жаңа әдістері енгізілді.
Тұрмыстық...
Шекара сақшылары ардагерлермен кездесті
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінде «Азаттық таңында» атта тақырыптық кеш ұйымдастырылды.
Шарада шекара сақшылары ҚР Жазушылар одағының мүшесі, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитет органдарының запастағы подполковнигі Темірболат Ахметов және Алматы облысы бойынша «Застава тарландары» шекарашы ардагерлердің республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының төрағасы запастағы полковник Дәулет Мамырхановпен кездесті.
Темірболат Тайырұлы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының бірінші күнінен бастап куәгері ретінде естелік әңгімесімен...





























