Бала тәрбиесі бәрінен маңызды

39

Балаларға көрсетілетін зорлық-зомбылықтың барлық түрлерінің алдын алу және жою мақсаттарына жету үшін бірқатар стратегияларды іске асыру маңызды.  Елімізде «Тұрмыстық зорлық -зомбылықтың алдын алу, әйелдер мен балалар құқығын қорғау туралы» Заң күшіне енді. Заң талабы бойынша  жаза күшейтілді. Алдын алу деңгейінде балаларға кез-келген түрде, соның ішінде дене жазалауы түрінде зорлық-зомбылық көрсетуге тыйым салатын заңнама қажет еді. Ата-ана балаларға дұрыс тәрбие беруге міндетті.  Сонымен қатар, ата-аналардың балаларын зорлықсыз тәрбиелеу және жақсы ата-ана болу бағдарламалары сынды шаралар арқылы дамыту маңызды. Мектепке дейінгі және мектеп мектепте сонымен бірге, қосымша білім беру ұйымдарында балаларға арналған көптеген бағдарламалар жүзеге асуда. Талдықорғандағы мектептерде менторлық жоба бар. Сондай-ақ,  әкелер рөлін арттыру мақсатында «Әкелер» ұйымы  құрылған. Мұның бәрі болашақ балаларды дұрыс тәрбиелеуге ықпал етері сөзсіз.

                                                                                    Гүлниса Тұлымшақова,

                                                             Талдықорған қалалық мәслихатының депутаты

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз