Талдықорғанда мереке күндері сақтық шаралары күшейтіледі

405
Талдықорған қаласы әкімдігінің мәжіліс залында қала әкімінің орынбасары Қуаныш Сейтимбетовтың төрағалығымен мереке күндері қала аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссияның отырысы өтті.
Отырысқа комиссия мүшелері қатысып, маңызды бірқатар мәселелер талқыланды.
Жиында қала әкімінің орынбасары жалпы жаңа жылдық мерекелер кезінде мәдени-көпшілік іс-шараларды қауіпсіз өткізу, коммуналдық және басқа да маңызды объектілерде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастыру, сондай-ақ қаладағы авариялық-құтқару қызметінің бөлімшелерінің техникалары мен көліктерінің тұрақты дайындық деңгейі сақадай сай тұру керектігін ескертті.
Отырыс барысында жауаптылар баяндама жасап, қазіргі уақытта атқарылған жұмыстар жайында толығырақ айтып өтті.
Қала әкімінің орынбасары атап өткендей, ерекше назар халық көп жиналатын орындарға (нарықтар, ірі сауда үйлері) төтенше жағдайлардың болдырмауына аударылуы қажет. Сондай-ақ, мерекелік іс-шаралар кезінде орын алуы мүмкін төтенше жағдайларға дайын болу керектігін айтты. Мұндай жағдайлар туындаған жағдайда, төтенше жағдайлар қызметі, қоғамдық тәртіпті қорғау қызметтері, өртке қарсы қызмет және құтқарушылар тұрғындарды дереу хабардар етіп, дүрбелеңге жол бермей, экстренді эвакуация ұйымдастырып, төтенше жағдайды жою үшін қажетті шараларды қабылдауы тиіс, — деді.
Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз қызметі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз