ТЖМ жұмысындағы маңызды бағыттардың бірі – төтенше жағдайлардың алдын алу жүйесін дамыту. 2024 жылы су айдындарындағы жағдайды анықтау және бақылау мақсатында геоақпараттық жүйелер мен ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдана отырып, мониторинг жүйесін жаңғырту жұмыстары жалғастырылды. Сонымен қатар ТЖМ мен ІІМ ведомстволық желілерін біріктіретін республикалық жедел цифрлық радиобайланыс жүйесі енгізілді. Бұл төтенше жағдайларға жедел және тиімді әрекет ету үшін үйлесімділік деңгейін айтарлықтай арттырды. Бұл деректер жыл қорытындысында белгілі болды.
Өндірістегі бұзушылықтарды, апаттарды, оқиғаларды және жазатайым жағдайларды азайту мақсатында елде 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы бекітілді. Бұдан бөлек, елдегі сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 2028 жылға дейін сейсмология саласын дамыту бойынша кешенді жоспар бекітіліп отыр. Баршаға белгілі, биыл 14 өңірімізде су тасқыны орын алды. Айтып келмес апат кезінде 120 мың адам және 45 мыңнан астам бала құтқарылып, эвакуацияланды. Бұл іске өңіріміздің құтқарушылары да өз үлестерін қосты. Азаматтық парыздарын өтеді. 2024 жылы Қазақстанда ТЖ саны 2023 жылмен салыстырғанда 1,7%-ға азайды, ал зардап шеккендер саны 10,8%-ға төмендеп, 2023 жылғы 1751 адамнан 2024 жылы 1562 адамға дейін қысқарғандығы жыл қорытындысында белгілі болып отыр.
А. Нуртаев,
Талдықорған қаласы ТЖ аға инженері