Астанада «Ұстаз» фильмінің таныстырылымы өтті
Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Астанада «Ұстаз» фильмінің таныстырылымы өтті, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту, Мәдениет және ақпарат министрліктерінің және Жетісу облыстық әкімдігінің қолдауымен астаналық педагогтер мен білім беру ісінің ардагерлері үшін жетісулық режиссер Ерлан Ошақбаевтың «Ұстаз» фильмінің тұсаукесері ұйымдастырылды.
Фильмде жас ұстаздың туған ауылына оралуы, өзі оқыған мектепте жұмыс істеуі, оқушылармен қарым-қатынасы, мұғалімнің беделі, шәкірттерін білім бәсекесіне қабілетті етуге...
Жетісу облысы әкімінің «Жыл волонтері» сыйлығын табыстау рәсімі өтті
Талдықорған қаласы, Салтанат сарайында облыс әкімінің орынбасары Д.Есдәулетов өңірде қызмет атқарып жатқан волонтерлік ұйымдармен, бастамашыл топтармен және белсенді еріктілермен кездесті. 2 сағатқа жуық уақыт волонтерлік саланы дамыту, өзекті мәселелер туралы ашық талқылау, ұсыныстар айту болды.
Кездесу соңында 2024 жылы нәтижелі еңбек еткен, жұмыстары көпке үлгі, “Таза Қазақстан”, су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек көрсеткен, волонтерліктің 8 бағыты бойынша жыл бойы...
Жыл қорытындысы: Елімізде дәнді дақылдар жинаудан рекордтық көрсеткішке қол жеткізіліп, егіс алқаптарын әртараптандыру жұмыстары жүргізілуде, саланы жеңілдікті қаржыландыру көлемі 580 млрд теңгеге дейін артты
Primeminister.kz сайтының редакциясы Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген қазақстандықтардың тұрмыс сапасын жақсартуға, еліміздің ұзақмерзімді әлеуметтік-экономикалық мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған негізгі басымдықтар мен шаралар бойынша жыл қорытындысына арналған шолулар топтамасын ұсынуды жалғастырады.
Ауыл шаруашылығы – экономиканың маңызды салаларының бірі. Бүгінде халықтың 37%-дан астамы ауылдық жерлерде тұрады, ал ауыл шаруашылығы өндірісінің даму деңгейі қазақстандықтардың көпшілігінің әл-ауқатына тікелей әсер етеді. Еліміз кең байтақ аумағы мен...
Акция: Назар аударыңыз және сақ болыңыз!
«Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ қолдауымен «ҚОС ҚАНАТ ЖЕТІСУ» ҚБ ұйымдастыруымен алаяқтықтың алдын алу бойынша акция өтті. Іс-шара «Ж.Үшкемпіров атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі»КММ базасында жас спортшылар арасында өтті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ағымдағы жылғы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауының бір тармағында цифрлық технологиялардың күнделікті өмірімізге жаппай енуі түрлі алаяқтардың...
Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл «Береке» коттеджді қалашығына барып, құрылыс нысандарында тексеру жұмыстарын жүргізді
Бүгінгі күні аталмыш аймақта басталған жұмыстардың жартысынан көбі аяқталып, ішін тазалау жұмыстары қалған. Өз кезегінде қала басшысы тұрғын үйлердің сапасы, газ, сумен жабдықтау желілерінің құрылыс барысын көріп, жауаптыларға жұмыстарын әрдайым бақылауда ұстауды тапсырды. «Ағымдағы жылы мердігер компаниямен шартқа отырып, сараптамадан өтіп, коттедж қалашығын ретке келтіру жұмыстарын бастадық. Қазіргі күні жүйелі жұмыстардың арқасында аталған аймақта ауқымды жұмыс басталып, әлі де...
Берік АСЫЛОВ, Бас прокурор: Жоғары қадағалау – абыройлы міндет
Жыл сайын 6 желтоқсанда елімізде Прокуратура күні атап өтеді. Өйткені 1991 жылы дәл осы күні Қазақстан Республикасының жоғары қадағалау органының жүйесі бекітілген еді. Тәуелсіздік жылдары прокуратура қоғамда заң мен құқықтық тәртіпті нығайтуда мемлекет тірегіне айналды. Биыл прокуратура халықты әлеуметтік қорғау, жеке кәсіпкерлер мен инвесторлардың, экономикалық сектордағы азаматтар мен мемлекеттің мүддесін қорғау, заңсыз алынған активтерді мемлекетке қайтару, қылмыстық істерді тергеу,...
Ел мүддесі жолындағы тарихи кезең
Халық пен билік арасындағы алтын көпір саналатын Қазақстан Республикасы мәслихаттарына биыл 30 жыл толып отыр. Айтулы мерекеге орай Талдықорған қалалық мәслихатының ұйымдастыруымен салтанатты жиын өтті.
Талдықорған қалалық мәслихаты халық игілігіне еңбек етіп, жергілікті өкілетті органға айналды. Құрметті халық қалаулылары! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында халықты қолдау және оның мүдделерін қорғау біздің басты міндетіміз,- деп атап өткен...
Тұрғын үй құрылысынан зейнетақыны көбейтуге дейін: 2024 жылы Үкіметтің әлеуметтік қолдауының негізгі шаралары
Әлеуметтік төлемдер мен жалақыны арттыру, тұрғын үй құрылысы, денсаулық сақтау және білім беру салаларын жаңғырту. 2024 жылы қазақстандықтарды әлеуметтік қолдау шаралары туралы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің экономикалық даму стратегиясының негізінде азаматтардың мүддесі болуы қажет екені атап өтілді. 2024 жылы Үкімет бұл бағытты маңызды әлеуметтік бастамалармен жүзеге асыруды жалғастырды.
Primeminister.kz сайтының редакциясы қазақстандықтардың өмір сүру...
Мемлекеттік басқару ісінің тиімділігін барынша арттыру керек
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм" атты Қазақстан халқына Жолдауында бірнеше басым бағыттарға тоқталды. Президенттің "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын ұсынғалы бес жылдан астам уақыт өтті. Осы уақыт ішінде қоғам мен билік құрылымдары арасындағы қарым-қатынас мәдениетін өзгерте алдық деп ойлаймын. Тұрғындардың пікір білдіруі, мәселен, қала әкімі тұрғындарды қабылдауы, кездесіп тұруы жақсы үрдіс. Онда...
Бейбіт Исабаев Ескелді ауданының тұрғындарымен кездесті
Облыс әкімі Бейбіт Исабаев Ескелді ауданына барған жұмыс сапары аясында аудан тұрғындарымен кездесу өткізді.
Халықпен кездесуде баяндама жасаған Бейбіт Исабаев әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған шараларға, облыстың ауыл шаруашылығы саласын дамытудағы ауданның қосқан айрықша үлесіне назар аудара отырып, өңірдің алдағы жоспарларына, басқа да негізгі бағыттарға тоқталды. Аудан басшылығының алдына жер қатынастарына қатысты бірқатар міндеттер қойды, атап айтқанда жердің мақсатты пайдаланылуын бақылау,...





























