Талдықорған қаласы, Салтанат сарайында облыс әкімінің орынбасары Д.Есдәулетов өңірде қызмет атқарып жатқан волонтерлік ұйымдармен, бастамашыл топтармен және белсенді еріктілермен кездесті. 2 сағатқа жуық уақыт волонтерлік саланы дамыту, өзекті мәселелер туралы ашық талқылау, ұсыныстар айту болды.
Кездесу соңында 2024 жылы нәтижелі еңбек еткен, жұмыстары көпке үлгі, “Таза Қазақстан”, су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек көрсеткен, волонтерліктің 8 бағыты бойынша жыл бойы ісшаралар өткізген ұйымдар мен еріктілерді арнайы статуэтка, диплом, қаржылай сертификатпен марапаттады.
10 номинация бойынша жеңімпаздар:
1. «Біргеміз: білім» – Жакуляқызы Дана, ауылдық жерлерде тілдік сауаттылық деңгейін арттыруға қосқан үлесі үшін;
2. «Біргеміз: саулық» – Пятова Лариса Александровна, денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін;
3. «Біргеміз: сабақтастық» – Барибаева Асель Максутовна, балалар үйіндегі жасөспірімдерге және қиын жағдайға тап болған жастарға тәлімгерлік еткені үшін;
4. «Біргеміз: асыл мұра» – Бакирова Динара Серікқызы, мәдени-тарихи мұраны сақтау және дамытуға қосқан үлесі үшін;
5. «Біргеміз: аяла» – Гузенко Вероника Юрьевна, жануарларға деген жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған жұмысы үшін;
6. «Біргеміз: таза әлем» – Аманжолұлы Ғазиз, экологиялық мәдениетті дамытуға қосқан үлесі үшін;
7. «Біргеміз: үміт» – Кусанова Холида Есболовна, жоғалған адамдарды іздестіру және төтенше жағдайлардан қорғауға бағытталған қызметі үшін;
8. «Біргеміз: қамқор» – Сакович Жанна Жакановна, әлеуметтік қызмет көрсетуге қосқан үлесі үшін;
9. «Үздік волонтерлік ұйым» – «Жастар таңдауы» ЖҚБ, волонтерлік қызметті ұйымдастырудағы жоғары нәтижелері үшін;
10. «Жыл волонтері» – Середина Екатерина Николаевна, ең белсенді және нәтижелі волонтерлік қызметі үшін.
Сонымен қатар, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қайырымдылық үшін» төсбелгісі Бакирова Динара Серікқызы мен Токтарова Екатерина Кайдаровнаға табысталды.
Jetisu Jastary баспасөз қызметі