«Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ қолдауымен «ҚОС ҚАНАТ ЖЕТІСУ» ҚБ ұйымдастыруымен алаяқтықтың алдын алу бойынша акция өтті. Іс-шара «Ж.Үшкемпіров атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі»КММ базасында жас спортшылар арасында өтті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ағымдағы жылғы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауының бір тармағында цифрлық технологиялардың күнделікті өмірімізге жаппай енуі түрлі алаяқтардың көбеюіне әкеп соқтыруда екендігін, сондықтан, қазір қаржы және экономика негіздерін білу, қарапайым цифрлық дағдыларды меңгеру аса маңызды болып табылатындығын баса атап өткен болатын. Алаяқтықтың алдын алу — қазіргі қоғамның маңызды міндеті. Осы орайда өткізілген аталмыш акцияның мақсаты алаяқтардың ықтимал қауіптері туралы жастардың хабардарлығын арттыру және интернетте қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Ұйымдастырушылар «Біздің біліміміз бен сауаттылығымыз алаяқтық схемалармен күресудің шешуші факторы болуы мүмкін. Қауіпсіздік шараларын мейлінше сақтаған жөн. Жасөспірімдер мен жастардың осындай сарындағы қауіп—қатерлерге төтеп беруге дайын болуы үшін болашақта іс-шараларды жалғастыруға дайынбыз»-деп атап өтті.