Еркін ауылында 150 орынды мәдениет үйі салынады
Жаңа жыл Еркін ауылы халқы үшін қуанышты жаңалықпен басталып отыр. Ауылға 150 орынды мәдениет үйі салынбақ. Бұл ауыл тұрғындарының көптен бергі арманы болып келген мәселенің бірі еді. Енді Еркін халқы заман талабына сай жабдықталған жаңа мәдениет үйінде түрлі іс-шараларды, ауылдың басқосуларын, өнерпаздардың әуезді кештерін тамашалауға мүмкіндік алмақ. Бұл туралы Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Жалпы ауданы 1 228,6 шаршы...
Жеңіске -80 жыл. Хабарландыру
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай жинақ шығарылуына байланысты Ұлы Отан соғысына Жетісу өңірінен аттанған майдангерлер туралы дәлелденген мәлімет болса, Жетісу облысының мемлекеттік архивіне хабарласыңыздар!
Мекенжайы: Талдықорған қаласы, Самал ш/а, 10 үй
Эл.почта: zhetisu.archiv@mail.ru
Телефон: 8 72 82 25 34 54
25 07 37
Талдықорған қаласының Қоғамдық кеңесін құру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін қалыптастыру бойынша конкурс өткізілетіндігі туралы
ХАБАРЛАНДЫРУ
Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 15-1 бабының беретін өкілеттігі шеңберінде және Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» № 69 бұйрығының 23 - тармағының талаптарына сәйкес қоғамдық кеңестердің жаңа құрамын қалыптастыру рәсімі қоғамдық кеңестің жұмыс істеп тұрған құрамының өкілеттіктер мерзімі өткенге дейін екі ай бұрын басталуына байланысты, Талдықорған қаласының...
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СТУДЕНТ ЖАСТАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫ АРТТЫРУ
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СТУДЕНТ ЖАСТАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫ АРТТЫРУ
Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі әзірленді.
Мемлекеттік қолдаудың бұл шарасы Қазақстан балаларына 5 жастан бастап 18 жасқа толғанға дейін елде және шетелде білім беру қызметтеріне, соның ішінде жоғары, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру қызметтеріне ақы төлеу үшін қаржы қаражатын тұрақты жинақтау мақсатына арналған.
«Келешек» жүйесіне қатысу үшін ата-аналар мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің қатысушылары болып табылатын екінші деңгейдегі банктерде...
ТОП-10: 2025 жылы қандай жұмысшы мамандарға сұраныс жоғары болады
Еңбек ресурстарын дамыту орталығының мәліметінше, сұранысы жоғары жұмысшы мамандықтардың алғашқы ондығының тізімі мынандай:
1. Жүк көлігінің жүргізушісі (21,8 мың адам немесе жалпы сұраныстың 5,4 пайызы);
2. Сантехниктер және құбыр салушылар (17,3 мың адам немесе жалпы сұраныстың 4,3 пайызы);
3. Дәнекерлеуші (15,6 мың адам немесе жалпы сұраныстың 3,9 пайызы);
4. Құрылысшылар бригадасының басшысы, бригадир (11,9 мың адам немесе жалпы сұраныстың 2,9 пайызы);
5. Автобус жүргізушісі...
Жұмысшы мамандықтары жылы: еліміз мектептерінде 1000 бейіндік сынып ашылады
Мемлекет басшысының Жарлығымен 2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы болып жарияланды.
Жұмысшы мамандықтардың маңыздылығын арттыру, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалауды жүзеге асыру мақсатында Үкімет Жұмысшы мамандықтарының жылын ұйымдастыру жөніндегі республикалық жоспар бекітті, оған қоса Министрлік кәсіптік-техникалық білім беруді трансформациялаудың 2025-2027 жылдарға арналған Жол картасын бекітті.
Іс-шаралар жоспары 7 бағыт пен 70 қадамды құрайды, оның ішінде өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, Жаңа...
Жетісу облысының колледждерінде биыл 14 жаңа мамандық ашылады
Ел Президентінің жұмысшы мамандықтар жылы жөніндегі бастамасы аясында Жетісу облысындағы колледждерде сұранысқа ие жаңа мамандықтарды ашу жұмыстары жалғасуда. Атап айтқанда, өңірде «Жаңа мамандықтар атласы» бекітілді. Онда еңбек нарығы мен өңірдің экономикасын дамыту талаптары ескеріле отырып, 5 негізгі бағытқа – ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, туризм индустриясы, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, энергетика және жаңартылатын энергия көздері салаларына бағдарланған. Мәселен, өткен оқу жылында өңірдің...
Талдықорғанда спорттық және көркем гимнастикаға арналған спорт кешені салынады
Талдықорған қаласында бұқаралық спортты дамыту мақсатында ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатыр. Өткен жылы орталық стадионды қайта жаңарту, волейболға арналған оқу-жаттығу спорт кешенін салу, сондай-ақ, «Жетісу» волейбол клубы үшін 4 қабатты жатақхана мен үстел теннисі орталығы ашылды.
Биылғы жылы әсем әрі күрделі спорт түрлерінің бірі саналатын көркем және спорттық гимнастикаға арналған модульдік спорт кешені салынып, жыл соңына дейін пайдалануға берілмек. Бұл...





























