ХАБАРЛАНДЫРУ
Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 15-1 бабының беретін өкілеттігі шеңберінде және Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» № 69 бұйрығының 23 — тармағының талаптарына сәйкес қоғамдық кеңестердің жаңа құрамын қалыптастыру рәсімі қоғамдық кеңестің жұмыс істеп тұрған құрамының өкілеттіктер мерзімі өткенге дейін екі ай бұрын басталуына байланысты, Талдықорған қаласының Қоғамдық кеңесінің жаңа құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс жариялайды.
Конкурс Қазақстан Республикасының азаматтары мен коммерциялық емес ұйымдарының өкілдері арасында өткізіледі.
Конкурс өткізу мерзімі конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен кейінон жұмыс күнін құрайды.(14.01.2025 ж. – 27.01.2025 ж.)
Жұмыс тобының сандық құрамы: 15 (оң бес) адам.
Мемлекеттік органнан өкілдік ету: Жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының үштен бірі.
Азаматтық қоғамнан өкілдік ету:Жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының үштен екісі.
Азаматтық қоғамнан өкілдік ету коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.
«Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 10-бабының беретін өкілеттігі шеңберінде Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, сондай-ақ жергілікті деңгейде – тиісті әкімшілік –аумақтық бірлік шегінде тұрақты тұратын азаматы жұмыс тобы мен Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.
Үлгілік ереженің 7-тармағында мыналар белгіленген:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар қатарынан хабарландыру орналастырылған күннен бастапбес жұмыс күніішінде(13.01.2025 ж. –17.01.2025 ж.) хабарландыруда көрсетілген мынадай құжаттарды қолма-қол береді немесе мемлекеттік органның -tald.gor.maslihat@mail.ruэлектрондық мекен-жайына жібереді:
1) кандидатураны жұмыс тобының құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысын және (немесе) азаматтың өтінішін;
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;
5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісімді жібереді.
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.
Жұмыс тобының мүшелігіне кандидат осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды өз бетінше немесе өзінің қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылатын мемлекеттік органның немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің көрсетілген анықтамаларды ақпараттық жүйелерден талап етіп алдыруына жазбаша келісуі арқылы ұсынады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейінбір жұмыс күніішінде Жұмыс тобына кандидаттардың тізімі қалыптастырылады.
Кандидаттардың тізімін қалыптастыру аяқталғаннан кейінүш жұмыс күніішінде жұмыс тобына кандидаттардың қатысуымен жұмыс тобының отырысы өткізіледі.
Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Қоғамдық кеңес мүшелігіне сайлау үшін конкурсқа жіберілмейді.
Кандидаттар мынадай жағдайлардың бірі болған кезде:
«Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 10-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
— осы баптың 2- тармағындакөрсетілген құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынбаса;
— анық емес ақпаратты қамтитын құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынса, сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтарға:
Индекс 040000 Жетісу облысы,
Талдықорған қаласы, Абай көшесі,256
1 қабат,117 кабинет
Байланыс телефондары: 8(7282) 24-01-84
Электрондық пошта: tald.gor.maslihat@mail.ru
Қабылдау уақыты: сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін,
Үзіліс: 13:00-14:30.
Талдықорған қалалық мәслихатының аппараты.
Жұмыс тобының отырыстарына қатысуға Қазақстан Республикасының азаматтары, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері болып табылатын дауыс беру құқығы жоқ байқаушылар жіберілетініне назар аударамыз.
Жұмыс тобының отырысына байқаушы ретінде қатысу үшін байқаушы болуға ниет білдірген адам нысан бойынша өтініш береді (2-қосымша).
Талдықорған қалалық мәслихатына
______________________________
______________________________
______________________________
тұратын (елді мекен, көше, үй, пәтер)
Кімнен
______________________________
______________________________
______________________________
(өтініш берушінің А.Ә.Т., жеке куәлік № ____, берілді (қашан,кім))
Өтініш
Талдықорған қаласының қоғамдық кеңесті құру жөніндегі жұмыс тобының мүшелігіне қосу үшін өз кандидатурамды ұсынамын.
Мен осы өтініш арқылы «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының ережелерімен танысқанымды растаймын және оның талаптарын сақтауға міндеттенемін.
Мынадай құжаттарды қоса беремін:
1) ___________________________________________________________
2) ___________________________________________________________
3) ___________________________________________________________
4) ___________________________________________________________
5) ___________________________________________________________
6)___________________________________________________________
7) ___________________________________________________________
Байланыс телефонының нөмірі (жұмыс тобының отырысы туралы хабарлау үшін )
20___ ж. «____» ___________ Өтініш берушінің қолы _______________
Талдықорған қалалық мәслихатына
______________________________
______________________________
______________________________
тұратын (елді мекен, көше, үй, пәтер)
кімнен
______________________________
______________________________
______________________________
(өтініш берушінің А.Ә.Т., жеке куәлік № ____, берілді (қашан,кім))
Өтініш
Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушы ретінде енгізу үшін өз кандидатурамды ұсынамын.
Мынадай құжаттарды қоса беремін:
1) ____________________________________________________
2) ____________________________________________________
3) ____________________________________________________
4) ____________________________________________________
5) ____________________________________________________
6) ____________________________________________________
7) ____________________________________________________
Байланыс телефонының нөмірі
(жұмыс тобының отырысы туралы хабарлау үшін )
20___ ж. «____» ___________ Өтініш берушінің қолы _______________